Ағымдағы жылдың наурыз айында өткізілген іс-шаралар туралы

Ағымдағы жылдың 01 наурыз күні сағат 16:00-де Қарақия адалдық алаңы жобалық кеңсесінде «Antikor Live» және «Адал көмек» жобалары аясында Құланды ауылдық округі әкімі Төкенов Санат Теңелұлы 2020 жылы атқарылған жұмыстарының есебі және алдағы жоспарлары туралы онлайн форматта  өтті. Брифинг барысында жергілікті арқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер халыққа таныстырылып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.

Ағымдағы жылдың 01 наурыз күні сағат 11:00-де Жетібай ауылының әкімі Асанов Қуаныш Сырымұлы  «ANTIKOR LIVE, ADAL KOMEK» жобасы аясында  Қарақия ауданы әкімдігінің ресми “Facebook.com” парақшасында онлайн форматта брифинг өткізді. Брифингте «тікелей эфирге» шығу арқылы 2020 жылы атқарылған жұмыстар, 2021 жылға арналған жоспарлар және ауыл әкімдігінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы баяндады.

Ағымдағы жылдың 02 наурыз күні сағат 14:00-де Қарақия адалдық алаңы жобалық кеңсесінде “ANTICOR LIVE, ADAL KOMEK” жобасы аясында Бостан ауылдық оркугі әкімі Ш.Асановтың 2020 жылы атқарылған жұмыстар және 2021 жылғы арналған жоспарлар туралы баяндады.

«Құрық  ауылы  әкімінің  аппараты» ММ-сі ағымдағы жылдың наурыз айының 1-31 аралығында тұрғындарға «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы»  арқылы және «egov mobile» қосымшасымен ЭЦҚ кілтін, Зейнетақы аударымын білу, Үй иесі өз үйінде тіркелген артық адамды тіркеуден қалай шығаратыны, Баланың тууын тіркеуді және балалы болғанды бір жолғы жәрдемақыға және бір жылдық жәрдем ақысына қалай тапсыратынын  үйде отырып алу жолдарын көрсетіп, түсіндіру жұмыстары өтті келген тұрғынға түсіндіру.

«Құрық ауылы әкімі аппараты» ағымдағы жылдың наурыз айының 1-31 аралығында Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруды, құжаттарды қараудың мерзімі мен тізбесін қысқартуды, қайталанатын рәсімдерді жоюды және адамның өзінің баруын қажетсінбейтін  ақпараттық - мәліметтерді толық электрондық форматқа көшірумен қатар тұрғындармен ашық мақсатта жұмыс жасауды көздейді. Ашықтық мақсатта Құрық ауылы әкімі аппаратында орналасқан өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы бойынша ауыл тұрғындарына және басқа да жеке тұлға заңды тұлғаларға  өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы бойынша қалай пайдалануға болатыны толық түсіндіріліп отырады.

Сенек ауылы әкімі  аппаратының ағымдағы жылдың наурыз айының 1-31 аралығында  «өз-өзіне  қызмет көрсету бұрышы» арқылы 6 тұрғынға қызмет көрсетілді.

«Құланды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі ағымдағы жылдың наурыз айының 1-31 аралығында  «өз-өзіне  қызмет көрсету бұрышы» арқылы ЭЦҚ-ны онлайн алуға 7 адам, онлайн анықтамалар алуға 3 адам,  egov.kz порталы арқылы жұмыссыздыққа тіркелу бойынша 3 адам қызмет көрсету бұрышына жүгініп, барлығы  13 тұрғынға қызмет көрсетілді.

Ағымдағы жылдың 1-31 наурыз айы аралығында «Бостан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ң мамандары мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру және мекемеде орналасқан «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрыштарының жұмысын жетілдіру мақсаты бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 1-31 наурыз айы аралығында Жетібай ауылы әкімдігі «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы жұмыссыздыққа тіркеу және ЭЦҚ кілтін алу бойынша тұрғынға қызмет көрсетілді. Тұрғындарға үйден шықпай-ақ “egov.kz” электронды порталы  және “egov mobile” қосымшасы арқылы оңай және тез қызмет алу жолдары түсіндірілді.

Қарақия аудандық «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыруды дамыту бөлімшесі» а.ж. 17 наурыз айында Қарақия ауданы әкімінің (Facebook.com) ресми сайтына "Қарақия ауданында 2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер" бойынша ақпаратты жариялады.

Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Ержанова Асыл Жаңабайқызы  а.ж. 18 наурыз айында "Қарақия Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде "Адал көмек" жобасы аясында "Мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін тегін әлеуметтік көмек" атты тақырыпта брифинг өткізді.

Ағымдағы жылдың 19 наурыз айында Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 жалпы білм беретін мектеп» КММ-де «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылған. «Egov.kz» электронды веб-порталы арқылы алатын мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, мектепке кез-келген азамат, азаматшалар тығыз уақытта керекті құжаттарын алуларына болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарынан ешкімнің көмегінсіз санаулы минуттарда жылдам, сапалы алуға болады және қол жетімді екенін хабарлайды. Жауапты маман Г. Ақбаева аптаның 1-5 күндері аралығында тұрғындарға мемлекеттік құжаттарды рәсімдеуге көмек қызметін көрсетеді.

Ағымдағы жылдың 19 наурыз айында Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі ММ-сі «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша Қарақия ауданының  2021 жылға ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне сұранысқа ие мамандықтар тізбесі бекітілгендігі жөнінде аудан әкімдігінің ресми сайтына жарияланды.

Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» а.ж. 19 наурыз айында (өз-өзіне қызмет көрсету арқылы 2 тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп қызмет қабылданды.

«Қарақия аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы» ММ-сі  ағымдағы жылдың 19 наурыз айында (Facebook.com) парақшасына 1 бейнеролик жариялады.

Ағымдағы жылдың 21 наурыз айында Қарақия аудандық білім бөлімінің “№3 кешкі жұмысшы жастар орта мектебi” КММ ғимаратында орналасқан “Өз-өзіне қызмет көрсету” бұрышы іске қосулы және тұрғындарға өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы мемлекеттік қызметтер алуға болатындығын хабарлайды! Электрондық цифрлық қолтаңба және басқада қызметтерді алуға жағдай жасалған.

Ағымдағы жылдың 21 наурыз айында МКҚК Құрық балалар өнер мектебінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы тұрғындарға жұмыс жасауда. egov.kz электрондық порталы арқылы ЭЦҚ (ЭЦП) және басқа да қызметтерді онлайн алуға жағдай жасалған.

Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-сі а.ж. 25 наурыз айында «Атаулы әлеуметтік көмек» бойынша 1 бейнеролик жарияланды.

Ағымдағы жылдың 25 наурыз айында Құрық ауылы әкімінің ресми "Facebook.com" сайтында egov.kz порталымен қалай жұмыс жасау жолдарын түсіндіру бойынша әлеуметтік желіге видео ролик жарияланып, өз-өзіне  қызмет көрсету бұрышына келген тұрғындарға түсірдіру шарасы жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 25 наурыз айында Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті бейне нұсқаулық жарияланды.

Ағымдағы жылдың 25 наурыз айында Құланды ауылдық округі әкімінің ресми "Facebook.com" сайтында egov.kz порталымен қалай жұмыс жасау жолдарын түсіндіру бойынша әлеуметтік желіге видео ролик жарияланып, өз-өзіне  қызмет көрсету бұрышына келген тұрғындарға түсірдіру шарасы жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 26 наурыз айында Қарақия ауданы, Құрық ауылы, «Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышы жұмыс жасайды.

Бұрышқа жауапты арнайы маман тағайындалып, тиісті құралдармен жабдықталған.  «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышы egov.kz  сайтындағы қызмет түрлерімен қамтамасыз етіп,  ата-аналар мен мектеп қызметкерлері  ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба), жеке анықтамалар, оқушыны мектепке тіркеу т.б  қызмет түрлерін ала алады.

Ағымдағы жылдың 26 наурыз айында Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі ММ-сі «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын пайдалану жөнінде слайд есебіндегі ролик (Facebook) әлеуметтік желісіне жарияланды.

Ағымдағы жылдың 26 наурыз айында Сенек ауылы әкімінің  “Facebook.com” ресми  сайтына көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу бойынша 1 бейнеролик жарияланды.

Ағымдағы жылдың 26 наурыз айында «Мұнайшы ауылы әкімі аппараты» әлеуметтік желіге «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке онлайн түрде өтініш беру» тақырыбында 1 бейнеролик жариялады.

«Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы бөлім» ағымдағы жылдың 26 наурыз айында Қарақия ауданы әкімінің ресми  “Facebook.com” сайтына көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу бойынша 1 бейнеролик жариялады.

Ағымдағы жылдың 27 наурыз айында Болашақ ауылдық округі әкімінің ресми  “Facebook.com” сайтына көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу бойынша 1 бейнеролик жариялады.

«Жетібай ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі, а.ж. 28 наурыз айында Egov.kz порталы арқылы  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру тәртібі түсіндірілдіру туралы  әлеуметтік (Facebook.com) парақшасында 1 бейнеролик жарияланды.

Ағымдағы жылдың 29 наурыз айында Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі ММ-і көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша бейнеролик жарияланды.

Ағымдағы жылдың 30 наурыз айында "Жалпы білім беретін Құланды мектебі" КММ-сінде өз-өзіне қызмет көрсету секторы жұмыс жасап тұрғандығы бойынша 1 бейне ролик жарияланды.

«Жетібай ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі, а.ж. 30 наурыз айында Egov.kz порталы арқылы  Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілтін алу тәртібі түсіндірілдіру туралы әлеуметтік (Facebook.com) парақшасында 1 видеоролик жарияланды.

Ағымдағы жылдың 30 наурыз айында Бостан ауылдық округі әкімдігінің “Facebook.com” ресми сайтында Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметін қалай алуға болатыны бойынша 1 бейнеролик жарияланды.

Ағымдағы жылдың 31 наурыз айында "Қарақия аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-сі, "Жеке тұлғаның жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру" атты бейне ролик жариялады.

Ағымдағы жылдың 31 наурыз айында "Өз - өзіне қызмет көрсету секторы" - заманауи электронды үкімет порталы. Жетібай ауылы "№8 жалпы білім беретін мектеп" 2019 жылдан бастап,  бұл секторды қолданысқа енгізіп жұмыс барысын жүргізуде. EGOV порталы - ақпараттық технологияның жетістігі.

Ағымдағы жылдың 31 наурыз айында Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі ММ-сі «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және бюджеттік несиеге тұрғын үй сатып алу немесе салуға құжаттарды  қабылдау жөніндегі хабарландыру аудан әкімдігінің ресми сайты және «Facebook» әлеуметтік желісіне жарияланды.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
31 марта 2021