Ауыл шаруашылығы бөлімі аудан көлемінде орналасқан бірқатар кәсіп орындарда болып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ( ақпан айында өткізілген іс-шаралар туралы)

Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі ағымдағы жылдың ақпан айының 1 мен 20 аралығында, аудан көлемінде орналасқан бірқатар кәсіп орындарда болып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ЖШС «OSC», ЖШС «ҚазТрансГаз өнімдері» мекемелеріне өз өтініштері бойынша, орналасқан жерлері бойынша машиналарын мемлекеттік техникалық байқау өткізілді, механизаторлар мен кездесіп техникалардың жай-күйі тексерілді. 2 рет кездесу өткізіліп, 10 адам саны қамтылды.

Сонымен қатар, а.ж. 23 ақпан күні сағат 16:00-де Қарақия адалдық алаңы жобалық кеңсесінде «Antikor Live» және «Адал көмек» жобалары аясында Қарақия аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы С.Құсайыновтың 2020 жылы атқарған жұмыстарының есебі және алдағы міндеттері бойынша баяндады.

Ағымдағы жылдың 22 ақпанда «ANTIKOR LIVE, ADAL KOMEK» жобасы аясында 2020 жылы жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар және 2021 жылға арналған жоспарлар туралы «Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы Мекенова Нағима Қабилуллақызының баяндауымен 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өткізді.

Брифингте мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша кеңінен түсінік берді.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Қағидаға сәйкес, бөлім                8 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді.  Олардың ішінде қызмет көрсеткендер саны 373.

Сондай-ақ Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында бөлім қызметкерлері халыққа қызмет көрсету орталығы, ауыл әкімдері  мамандарының қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізіп тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Аудан әкімдігінің ресми сайтына, баспасөз беттеріне мақалалар жарияланды.

«Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» а.ж. 10-16 ақпан айын аралығында Мемлекеттік қызметтің ішіндегі қарқынды жұмыс жүріп тұрған қызметтердің бірі ол тұрғын үй кезегіне алу. Осыған байланысты  қаңтар айында «egov» электрондық портал арқылы тұрғын үй кезегіне (өз-өзіне қызмет көрсету арқылы) тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп қызмет қабылданды. Қамтылған адам саны: 5

«Құрық ауылы әкімі аппараты» а.ж. 01-15 ақпан айы аралығында Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруды, құжаттарды қараудың мерзімі мен тізбесін қысқартуды, қайталанатын рәсімдерді жоюды және адамның өзінің баруын қажетсінбейтін  ақпараттық - мәліметтерді толық электрондық форматқа көшірумен қатар тұрғындармен ашық мақсатта жұмыс жасауды көздейді.

Ашықтық мақсатта Құрық ауылы әкімі аппаратында орналасқан өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы бойынша ауыл тұрғыны, өзінің кәсіптік ғимаратының жер теліміне қосымша Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 44-1 бабы «Елдімекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» туралы заңға сәйкес www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжаттарын тапсырды.

Осыған байланысты, аталған Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы   № 442 Жер кодексінің 44-1 бабы «Елдімекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» туралы заңға сәйкес www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы үйде немесе өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштар арқылы электронды ЭЦҚ кілтпен өтініш беруге болатындығы жөнінде қызметалушыларға түсіндірілді. Қамтылған адам саны: 2

Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні сағат 16:00-де Қарақия адалдық алаңы жобалық кеңсесінде «Antikor Live» және «Адал көмек» жобалары аясында Қарақия аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Абиловтың 2020 жылы атқарған жұмыстарының есебі және алдағы міндеттері бойынша баяндады.

Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні сағат 11:00-де Қарақия адалдық алаңы жобалық кеңсесінде «Antikor Live» және «Адал көмек» жобалары аясында Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Чукиннің 2020 жылы атқарған жұмыстарының есебі және алдағы міндеттері бойынша баяндады.

«Құланды ауылдық округі әкімінің  аппараты»  мемлекеттік мекемесі, ағымдағы жылдың 01-28 ақпан айы аралығында «өз-өзіне  қызмет көрсету бұрышы» арқылы ЭЦҚ кілтін онлайн алуға 5 адам, онлайн анықтамалар алуға 7 адам,  egov.kz порталы арқылы жұмыссыздыққа тіркелу бойынша 2 адам қызмет көрсету бұрышына жүгініп, барлығы 14 тұрғынға қызмет көрсетілді.

Ағымдағы жылдың 19 ақпан күні сағат 11:00-де Қарақия адалдық алаңы жобалық кеңсесінде «Antikor Live» және «Адал көмек» жобалары аясында Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Д.Атағараевтың 2020 жылы атқарған жұмыстарының есебі және алдағы міндеттері бойынша баяндады.

Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні сағат 11:00-де Қарақия адалдық алаңы жобалық кеңсесінде «Antikor Live» және «Адал көмек» жобалары аясында Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы М.Нұрсейітованың 2020 жылы атқарған жұмыстарының есебі және алдағы міндеттері бойынша баяндады.

Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні сағат 11:00-де Қарақия адалдық алаңы жобалық кеңсесінде «Antikor Live» және «Адал көмек» жобалары аясында Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қ.Рысбаевтың 2020 жылы атқарған жұмыстарының есебі және алдағы міндеттері бойынша брифинг онлайн форматта өтті.

Қарақия  аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қ.Рысбаев 2020 жылға бюджеттің орындалысы  туралы және 2021 жылға арналған жоспар туралы баяндады. Баяндамада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша, атап айтқанда «Дипломмен ауылға бағдарламасы», «Көтерме жәрдемақы» қызметтеріне бөлінген қаражат бойынша мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні сағат 16:00-де Қарақия адалдық алаңы жобалық кеңсесінде «Antikor Live» және «Адал көмек» жобалары аясында Қарақия аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы М.Аманиязованың 2020 жылы атқарған жұмыстарының есебі және алдағы міндеттері бойынша баяндады.

«Құрық  ауылы  әкімінің  аппараты» ММ-сі, а.ж. 01-26 ақпан айын аралығында тұрғындарға «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы»  арқылы және «egov mobile» қосымшасымен ЭЦҚ кілтін, Зейнетақы аударымын білу, Үй иесі өз үйінде тіркелген артық адамды тіркеуден қалай шығаратыны, Баланың тууын тіркеуді және балалы болғанды бір жолғы жәрдемақыға және бір жылдық жәрдем ақысына қалай тапсыратынын  үйде отырып алу жолдарын көрсетіп, түсіндіру жұмыстары өтті. Қамтылған адам саны: 43

«Құрық ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі а.ж. 01-26 ақпан айы аралығында (Facebook.com) әлеуметтік желіге, Ұялы телефон арқылы  ЭЦҚ кілтін, Зейнетақы аударымы туралы анықтама алу, Ұялы телефон нөмерін Мобильді үкімет базасына тіркеу, қалай алуға болатыны туралы 6 мақала жарияланды.

«Жетібай ауылы әкімдігі» ММ-сі а.ж. 01-26 ақпан айы аралығында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы жұмыссыздыққа тіркеу және ЭЦҚ кілтін алу бойынша тұрғынға қызмет көрсетілді. Тұрғындарға үйден шықпай-ақ “egov.kz” электронды порталы  және “egov mobile” қосымшасы арқылы оңай және тез қызмет алу жолдары түсіндірілді. Қамтылған адам саны: 21.

Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні сағат 16:00-де Қарақия адалдық алаңы жобалық кеңсесінде «Antikor Live» және «Адал көмек» жобалары аясында Мұнайшы ауылының әкімі Б.Бекмұрзаевтың 2020 жылы атқарған жұмыстарының есебі және алдағы жоспарлары бойынша баяндады.

Ағымдағы жылдың 26 ақпанда Құланды ауылдық округі әкімінің «Facebook.com» ресми парақшасына әлеуметтік желісі арқылы egov.kz порталымен қалай жұмыс жасау жолдарын түсіндіру, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін  жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі  әлеуметтік желіге жария етілді.

«Құрық ауылы әкімі аппараты» ММ-сі тарапынан а.ж. 26 ақпанда 2020 жылы 12 ай қорытындысы бойынша «Antikor Live» және «Адал көмек»  жобасында тікелей эфирде ашықтық мақсатта ауыл әкімі Ғ.Салихов баяндама жасады. Баяндама барысында көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша баяндады.

«Сенек  ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі а.ж. 01-28 ақпан айы аралығында мамандары мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру және мекемеде орналасқан «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышы арқылы 20 тұрғынға қызмет көрсетті.

«Бостан  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі а.ж. 01-28 ақпан айы аралығында мамандары мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру және мекемеде орналасқан «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышы арқылы 103 тұрғынға қызмет көрсетті.

«Мұнайшы ауылы әкімдігі» ММ-сі Электрондық қызмет көрсету бойынша тұрғындардың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы а.ж. 01-28 ақпан айы аралығында әкімдік қызметкерлері «e.gov» порталы арқылы ауылымыздың 43 тұрғынына қызмет көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 марта 2021