Үкіметтік ұйымдар назарына!

*Құрметті ҮЕҰ басшылары!!!

ҮЕҰ дерекқорына жыл сайынғы есепті тапсыру қажеттігін еске саламыз.

Ұсыну мерзімі: ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 31 наурызына дейін.

* Бұл не үшін керек? *

1)мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде конкурстарға қатысу үшін

2)мемлекеттік гранттар шеңберінде конкурстарға қатысу үшін

3) ҮЕҰ үшін сыйақы түрінде мемлекеттік қолдау алу үшін.

Әкімшілік жауапкершілік!

ҮЕҰ мәліметті уәкілетті органға ұсынбауы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 489-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке және ескертуге әкеп соғады, ал егер қайталанса - 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе қызметі 3 ай мерзімге тоқтатылады.

ҮЕҰ дерекқорына есепті http://infonpo.gov.kz сайтында электронды түрде ЭЦҚ кілт арқылы тапсыру қажет.

Егер сұрақтар туындаған жағдайда, техникалық қолдау қызметіне жүгіне аласыз:

1) support_spp@nitec.kz, тел.: 1414 (Дс-Жм 9:00-ден 21:00-ге дейін);

2) a.makhsotova@qogam.gov.kz, Тел.: +7 (7172) 74-04-47, +77014656677 ( Махсотова Анар Асқарқызы)

Дата публикации
19 января 2021