Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2020 жылдың есебі

2020 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен 69 қызмет түрі бойынша 24787 қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

- Мемлекеттік органмен қағаз түрінде – 14645;

- Мемлекеттік корпорация арқылы – 4257;

- «электронды үкімет» веб-порталы арқылы – 5885 қызмет көрсетілді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша мерзім бұзушылықтар саны – 5  құрады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау  іс-шаралары жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен 10 бақылау шаралары жүргізілді. Нәтижесінде 104  бұзушылықтар анықталды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша бұзушылықтарды болдырмау және тиісті шараларды қабылдау мақсатында 54 ұсыныс берілді.

Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын арттыру бойынша 117 түсіндіру шаралары өткізілді (830 адам қамтылды). 

Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдармен тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электронды үкімет» веб-порталы арқылы алу жолдары бойынша тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде: өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары қызмет етеді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкелері, семинарлар, ашық есік күндері өткізілуде.

Дата публикации
12 марта 2021