2020 жылы денсаулық саласында атқарылған жұмыстар туралы

Денсаулық сақтау саласында медициналық қызмет сапасын жетілдіру және тұрғындардың денсаулығын жақсарту шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

2020 жылы ауданның медицина саласы 10 жас маманмен толықты.

Қазіргі таңда 6 дәрігер маманға тапшылық туындап отыр (кардиолог-1,эндокринолог-1,окулист-2,дерматолог-1,психиатр-1). Бұл бағытта 2021 жылы жоғары оқу орнын аяқтайтын мамандар арқылы кадрларды толықтыруды жоспарлап отырмыз. 2020 жылы туылған сәбилер саны – 1 061. (2019 ж – 1 037 бала). /24 балаға көбейген/

Ауданда нәрестелер өлімі 1000 тірі туғанға шаққанда 5,6 промилді құрады, 2019 жылмен салыстырғанда 8,5 промилге төмендеген. ( 2020 жылы 6 бала, 2019 жылы 14 бала).

2020 жылы Ана өлімі тіркелген жоқ.

Туберкулез сырқатына шалдыққандар саны 48, оның ішінде алғаш ауырғандар 17 адамды құрап, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 46,9 промилді құрады.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 28,6промилгетөмендеді (2019ж . – 100 мың тұрғынға шаққанда 75,5 промиль (25 науқас ).

Аудан бойынша 2020 жылғы эпидемиологиялық жағдай кезінде КВИ жұқтырғандар саны 162 адам, оның ішінде симптомды түрі - 78, симптомсыз түрімен ауырғандар – 84 адам. Сондай-ақ, пневманиямен ауырғандар саны 479, оның ішінде қайтыс болғандар саны – 34. Барлық елді-мекендердегі емхана мен дәрігерлік амбулаторияларда арнайы сүзгі ұйымдастырылып, ПЦР тест алынуда. Сонымен қатар, «Эталонмед» зертханасының филиалы ашылып, ПЦР тестін тапсырушыларға қызмет көрсетуде.

Жалпы бүгінгі таңда жағдай қалыпты.

КОВИД-19 індетіне қарсы дәрі-дәрмек пен жеке қорғану құралдарымен қамту мәселесі басты назарда.

Аудандық ауруханаға қарасты медициналық мекемелерде 3 айға жететін 58,6 миллион теңгенің дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Жеке қорғану киімдерінің 7 500 дана қоры жасақталды.

Екінші толқынға 30 медициналық қызметкер жұмылдырылады, оның ішінде 5-уі дәрігер.

Аудан бойынша 8 мобильді топ құрылды: 2 топ Құрықта, 2 топ Жетібайда, 1 топ Мұнайшыда, 3 топ Сенек, Бостан, Құланды елді мекендерінде.

Гриппке қарсы вакциналау 100 пайызға орындалды.

Осы орайда, КОВИД-19 індетіне қарсы күрес кезінде белсенді түрде көмек көрсетіп, халық жанынан табылған бастамашыл азаматтарға зор алғысымды білдіремін. Медициналық ұйымдардың материалдық – техникалық жағдайларын жақсарту мақсатында облыстық бюджеттен және демеушілер есебінен 10 санитарлық автотранспорт,

1 медициналық жылжымалы кешен,

2 өкпені жасанды тыныстандыру аппараты,

2сипап аппараты

4 медициналық сору аппараты,

1 жүрмелі рентген аппараты,

1 ультрадыбыстық зерттеу аппараты,

3 пациент мониторы,

85 оттегі концентраторы,

113 дана пульсоксиметрлер,

3 ЭКГ аппараты алынды

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында, Аудандық орталық ауруханасы мен емханасына, Жетібай ауылдық орталық ауруханаға, Бостан ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар Құрық пен Жетібай ауылдарындағы ауруханаларға емдік газбен жабдықтау жүйесі орнатылды. Жетібай ауылындағы емхана мен Сенек ауылындағы амбулаторияға бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауданның диспансерлік есебінде тұратын тұрғындарға амбулаторлық деңгейде 476,6 млн. теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілді.

Сонымен бірге, Жетібай ауылында «Ақниет» және «Али Мед» жеке медициналық клиникалары қызмет көрсетуде.

Ауданның медицина саласының материалдық-техникалық базасын жақсарту бағытында биылғы жылы, «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамымен арадағы әлеуметтік міндеттемелер негізінде Құланды ауылына 1 жедел жәрдем көлігі мен Бостан, Сенек ауылдарына 2 дана ЭКГ аппаратын сатып алуды көздеп отырмыз.

Біз, медицина саласына қатысты көптеген түйткілді мәселелерді аудан бюджетінің мүмкіндігі шегінде шешіп келеміз. Дегенмен, бүгінгі таңда шалғайдағы Болашақ ауылы менхалық саны 6 мыңнан асатын Мұнайшы ауылын жедел жәрдем көлігімен қамтып, оларға штат бірлігін бөлу, (Болашак – 1 мейірбике, 1-акушер) сондай-ақ Ералы стансасындағы медициналық пунктін ағымдағы жөндеуден өткізу мәселесі туындап отыр. Осы орайда облыстық денсаулық сақтау басқармасына сұраныстарымыз жолданды, оң шешімін табады деп сенеміз.

Дата публикации
10 марта 2021