Қарақия ауданында білімді дамыту бағытында есептік жылы 5,0 млрд. теңге бөлінді. Бұл аудан бюджетінің 28,0 пайызын құрады. (2019ж – 5,0 млрд тг.)
Салада 1026 педагог маман, 565 мұғалім жаңартылған білім мазмұны курстарынан өтті. Жаңа оқу жылында 58 жас маман жұмысқа орналасты.Қазіргі таңда әлі де болса 50 маманның қажеттілік бар (орыс тілі мен әдебиет пәнінен - 10, ағылшын тілі – 6, тарих – 2, математика – 8, физика – 2, химия – 2, биология – 1, музыка – 4, технология – 3, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні – 1, кәсіпкерлік және бизнес – 1, логопед – 2, дефектолог – 8). Өнер мектептерінде домбыра, баян, фортепиано, дәстүрлі ән мамандықтары бойынша қажеттілік бар.
2020 жылдың 1-ші тоқсанында, аудандағы 1-ші сынып және әлеуметтік аз қамтылған1 819 оқушыны тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге – 30,1 млн теңге жұмсалды. Асыраушысынан айырылған және әлеуметтік аз қамтылған жанұялардың 2 235 баласына қысқы киім сатып алу үшін – 62,5 млн. теңге бөлінді.
Сондай-ақ, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына «Президент шыршасы» қайырымдылық шарасы аясында 300 балаға 100 мың теңгеден қаржылай көмек берілді.
Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасылардың 240 баласына 1,6 млн теңгеге көмек көрсетілді.
2020 жылы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын ұйымдастыру мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 3 мектепке (Сенек, Бостан ауылындағы және Жетібай ауылындағы № 8 орта мектеп) 113,2 млн теңгеге, қалған мектептерге бюджет есебінен 44,5 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 14,8 млн теңгеге 6 мектепке ішкі әжетханалар орнатылды.
Мектептердің материалдық-техникалық базасын жабдықтауға, соның ішінде КОВИД-19 пандемиясына орай қашықтан оқуын ұйымдастыру мақсатында 128,2 млн теңгеге 692 компьютер мен 252 роутер алынды.
Сонымен бірге, облыстық білім басқармасы тарапынан 1700 ноутбук пен 243 планшет берілді. Бұлардың барлығы әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушылары мен мұғалімдерге таратылды. Бұған қоса, демеушілердің есебінен – 13 смартфон мен планшеттер, 19 модем сатып алынды.
Жаңа оқулықтар сатып алуға 91,3 млн. теңге жұмсалды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жетібай ауылындағы № 4 орта мектептің бұрынғы бос тұрған ғимараты мен бөлек орналасқан спорт залын күрделі жөндеуден өткізіп 300 орындық бастауыш мектеп болып қайта ашылып, 54 тұрақты жұмыс орны құрылды. Сонымен бірге, аудандағы үш ауысымды мектеп қаупін болдырмау мәселесі оң шешімін тапты. Дегенмен, аталған мектептің материалдық - техникалық базасын жабдықтауға 30 млн. тенге қажеттілік туындап отыр.
Сондай-ақ, Жетібай ауылындағы бос тұрған әкімшілік ғимаратты оқушылар орталығы ретінде қайта құрылымдаудан өткіздік. Осы жылдың наурыз айында ашуды жоспарлап отырмыз, нәтижесінде 38 тұрақты жұмыс орыны құрылады. Сонымен бірге, Ералы стансасындағы бұрынғы №2 бастауыш мектептің жапсаржай құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Бүгінгі таңда пандемиялық ахуалға байланысты барлық мектептерде тиісті санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып 1 мен 5-ші және 9 бен 11-ші сыныптарда кезекші топтар ұйымдастырылып, Ал, оқушылар саны 300 балаға дейінгі 4 мектеп толықтай дәстүрлі оқу жүйесімен білім алуда. (Аққұдық орталау мектебі, 9 бастауыш мектеп, Ералы стансасындағы бастауыш мектеп және Болашақ орта мектебі).
Болашақ ауылындағы шағын жинақталған 80 орындық орта мектепте 171 оқушы білім алуда. Алайда, аталған мектепте пәндік кабинеттердің жетіспеуі, акт залы мен асханасының болмауынан қосымша жапсаржай салу қажеттілігі туындауына байланысты ЖСҚ жасақталды. Жоба құны – 402,8 млн тг., мерзімі 2021 жылдың қазан айы. Биылғы жылға қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берілді. Ауданда мектепке дейінгі 20 мекеме, оның ішінде 15 мемлекеттік, 3 жекеменшік және мектеп жанындағы 2 шағын орталық жұмыс жасайды.
Қазіргі таңда аталған мекемелерде 1-6 жас аралығындағы 2043 бала тәрбиеленуде. 1-3 жас аралығында балалардыңқамтылуы – 62,2% болса, 3-6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы 100%.
Қарақия ауданында өкпе ауруларының симптомы бар бүлдіршіндерге арналған санаториялық үлгідегі 1 бөбекжай мен облыстық мектеп интернат жанында 1 балабақша жұмыс жасап тұр.
Бұл аудандағы негізгі қажеттілікті толық жабуға жеткіліксіз. (өкпе ауруларының симптомы бар 500-ге жуық бала есепте тұр)
Осы орайда, Жетібай ауылынан санаториялық үлгідегі, 140 орындық 1 бөбекжай ашуды көздеп отырмыз.