Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің 2019 жыл бойынша атқарған жұмыстары туралы қорытынды АҚПАРАТЫ

Ақпараттық саясат бойынша. «Аудан әкімдігінің ресми веб – сайтын  ақпаратпен  қамту  бойынша жауапты тұлғаларды  белгілеу туралы» аудан әкімінің 2013 жылғы 22 қаңтардағы №3 өкімімен  аудан  әкімдігіне қарасты  ауыл,  ауылдық  округ әкімдеріне  және  дербес бөлім  басшыларына  аудан  әкімдігінің  ресми  веб-сайтын күнделікті аудан жаңалықтарымен қазақ және орыс тілдерінде қамтамасыз  ету  тапсырылған.  Жалпы  «Аудан әкімдігінің  ресми  сайты» негізгі 14 бөлімнен тұрады.

  1. Аудан туралы
  2. Билік
  3. Құжаттар
  4. Мемлекеттік қызмет
  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
  6. Экономика және бизнес
  7. Мемлекеттік сатып алулар
  8. Қоғам
  9. Инфрақұрылым
  10. ҚР сайлау туралы
  11. Халықпен жұмыс
  12. Анықтамалық ақпарат
  13. Әкім блогы
  14. Мемлекеттік рәміздер

   2019 жыл бойынша аудан әкімдігінің  ресми  сайтына жоғарыда аталған бөлімдерде барлығы 629 мақала орналастырылды.

 Сонымен  қатар,  аудандық  ішкі  саясат  және  тілдерді  дамыту бөлімімен  жасақталған  медиа – жоспарға  сай  бұқаралық ақпарат  құралдарында,  яғни  жергілікті  «Қарақия»  газетінде  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алу  бағытында,  теріс  діни  ағымдар,  нашақорлық,  құқықбұзушылық  мақалалар жарияланып тұрады.  Сондай-ақ  әлеуметтік желілерде  аудандық  ішкі  саясат  және  тілдерді  дамыту  бөлімімен  «Рухани  жаңғыру»  бойынша  тарау  ашылып, оған  Елбасының  аталған  мақаласына  сай, ауданда  атқарылып  жатырған  іс-шаралар  жарияланды.   

 Қарақия ауданы бойынша 2020 жылға мерзімді баспасөз басылымдарына жазылу барысы туралы. 2019 жылдың қазан айынан бастап 2020 жылға мерзімді  баспасөз басылымдарына  жазылу науқанының басталуына орай, аудан бойынша республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне 700 дана, «Қазақстан-дәуірі» газетіне 100 дана, «Казахстанская правда» газетіне 100 дана, «Айқын, «Литер» газеттеріне 100 дана, облыстық «Маңғыстау» газетіне 1300 дана, «Огни Маңғыстау» газетіне 400 дана және жергілікті  «Қарақия» газетіне  2000  дана  жазылу  бөлінген. Осыған орай бөлініс жасақталып,  ауданға қарасты барлық  ауыл әкімдіктері мен бөлімдерге, мекемелерге  мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуды ұйымдастыру жөнінде 28 қазан күні, ал аудан аумағында  орналасқан  «Тасболат Ойл», «Хазармұнай», «ОКК, «ОСК», «ОТК», «Жетібаймұнайгаз» өндірістік мекемелеріне, «Құрық порт», «Сенек» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне 1 қараша күні хат жолданды. Күні бүгінге аудан бойынша:

  1. «Егемен Қазақстан» - 318
  2. «Маңғыстау» - 309
  3. «Огни Мангистау» - 121
  4. «Қарақия» - 624
  5. «Қазақстан дәуірі» - 72
  6. «Казахстанская правда» - 65
  7. «Айкын» - 53
  8. «Литер» - 39

 Қазіргі таңда барлық  бөлімдер мен мекемелерде басылымға жазылу жұмыстары жүргізіліп, қараша айының еңбек жалақысынан жазылу ұйымдастырылуда. Алайда баспасөзге жазылу барысын нақтылау  кезінде бірнеше мектеп ұжымдарының жазылудан бас тартып отырғандығы анықталды және бұл жөнінде «Құланды» орта мектебінің ұжымынан жазбаша түрде хат келіп түсті.  Осыған орай, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімімен 13 қараша күні білім бөлімінің басшысы атына мектеп ұжымдары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы хат жолданды.

Сонымен қатар, 18 қараша күні «Альянс-ЛТД»ЖШС-не мүгедектер мен зейнеткерлерді «Қарақия», «Маңғыстау» газеттеріне демеушілік көмек арқылы жаздыру жөнінде хат жолданды.

 Тұрғындармен кері байланыс орнату, мемлекеттік қызметтің ашықтығын көрсету мақсатында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес  9-21 қазан аралығында 10 бөлім, бағынысты бөлімшелер басшысының және ауыл әкімдерінің қатысуымен «Facebook» әлеуметтік желісінде ең алғаш брифинг өткен болатын. Брифинг барысында тұрғындар тарапынан 85 сұрақ келіп түсті.

 Ауданымызда «Қарақия» газеті белсенді жұмыс атқарады. Газет аптасына 1 рет шығып тұрады (әрбір бейсенбі күні). 2019 жылы – 62 номер (таралымы 435).

2019 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша ауданда әр түрлі тақырыпта барлығы 179 билборд орнатылды. Ауа – райы  салдарынан жыртылып, ескіріп кеткен билбордтар мүмкіндігінше уақытылы ауыстырылып отырылды. Жалпы, ауданда барлығы 43 билборд орнататын қондырғы бар.

 Аудан бойынша: 43 тұғыр (екі жақты 86)

 Тұғырлардың ауылдар бойынша бөлінісі:

  • Құрық ауылы: 18
  • Жетібай ауылы: 8
  • Мұнайшы ауылы: 7
  • Құланды ауылы: 1
  • Бостан ауылы: 1
  • Сенек ауылы: 2
  • Болашақ ауылы: 6

Саяси партиялармен өзара қарым-қатынас. 2016-2017 жылдары аралығында ауданда 2 саяси партияның филиалы тіркелген, «Nur Otan» партиясы және «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы. Аталмыш  партиялар қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес партияішілік ұйымдастыру, мәдени – көпшілік  шараларын  жүзеге  асырып   келеді.

Халықтың  басым бөлігі  «Нұр Отан» партиясына  мүше  болып  келеді. 2019 жылы «Nur Otan»  партиясына  мүше адам  саны – 1324 адамды құрап отыр.

Ауданымызда «Ауыл халықтық – демократиялық» партиясы  филиалы 2015 жылы ашылып, жұмыстар жүргізіліп келеді. Тіркелген  мүше адам саны – 20.

2019 жыл бойынша жарна төлемі 116,5%-ты құрады.

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі. Қарақия ауданында  Әділет органдарының ақпараты бойынша 13 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның ішінде 3 үкіметтік емес ұйым белсенді жұмыс жасайды, 3-і қайырымдылық қор ретінде тіркелген.

Белсенділері:

1) «Жігер мүгедектер спорт клубы» қоғамдық бірлестігі –мүгедектер арасында спорт пен дене тәрбиесін тарату;

2) «Ажар-ай» қоғамдық қоры.

3) «Нұр-Ай» балаларды дамыту орталығы.

№

Мекеме директоры

Мекеме атауы

БИН

Тапсырған уақыты

1

Азанова Саламат Базарбайқызы

Общественный фонд "Детей с ограниченными возможностями "Жаншуақ"

141140019024

01.03.2019

2

Исагалиева Жанагуль Асхатовна

Общественный фонд "Попечительский совет "Сүйіндік"

120540012888

01.03.2019

3

Изтилеуов Муратбай Даулетович

Общественный фонд "Құрық рухани"

140340019742

01.03.2019

4

Көшенов Қыйлымғали Тұрсынғалиұлы

Общественный фонд "Попечительский совет "Рақым-Шапағат"

121240016991

28.02.2019

5

Тлеуов Конысбай Калдыбаевич

Общественное объединение "Спортивный клуб инвалидов Жигер"

120340003049

21.02.2019

6

Жакауова Айнур Жаксыгалиевна

Общественный фонд центр развития детей "Нұр-Ай"

141240011240

11.02.2019

7

Сактапова Салтанат Кырыкмылтыковна

Общественный фонд "Ажар-ай"

140940013369

22.01.2019

8

Журасова Алтынгүл Тыныштыққызы

Общественное объединение "Гражданская Инициатива Каракиянского района"

101040002960

22.01.2019

9

Каракушикова Айгерим Калдыбаевна

Общественное объединение Инвалидов "Қамқор Жандар"

161140008012

28.01.2019

10

Тогжанова Бахтыгуль Онгаровна

Общественный фонд "Попечительский совет "Ақторлан"

150340002531

15.03.2019

11

Шаншаров Марат Бегалыұлы

Общественный фонд "Үстем мерей"

120640007776

28.03.2019

12

Общественный благотворительный фонд "Қосай-Тәзіке"

Көшенұлы Тұрсынғали

030340007914

Есеп тапсырған жоқ.

Аталған қоғамдық қордың директоры зейнеткер

13

общественный фонд "БЕКЕТ-АТА"

Ескуат Турлан Баянберды

430300002513

Есеп тапсырған жоқ. Аталған қоғамдық қор директорының нақты мекен-жайы анықталмаған

 

2019 жылы 5 000 000 теңгеге, 5 тақырыпта конкурс өткізілді. Лот тақырыптары:

  1. Ана мен сәби өлімінің алдын алу бағытында шаралар ұйымдастыру. Қаржысы – 500 000 теңге.
  2. Ардагерлер ұйымдарының қызметін жандандыру және ауған соғысы ардагерлеріне қолдау көрсету бағытында шаралар ұйымдастыру. Қаржысы – 1 000 000 теңге.
  3. Терроризм әрекетінің және діни экстремизмнің алдын-алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру. Қаржысы – 1 000 000 теңге.
  4. Қарақия аудандық ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастыру арқылы үкіметтік емес ұйымдар секторын дамыту. Қаржысы – 1 000 000 теңге.
  5. Қарақия ауданы әкімдігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Қаржысы – 1 500 000 теңге.

2019 жылы аудан бойынша қазіргі уақытта Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің үкіметтік емес ұйымдар бойынша дерекқорына уақытылы есеп тапсырған үкіметтік емес ұйымдардың саны – 11.

Аудан бойынша тіркелген он үш (13) үкіметтік емес ұйымдардың  он екісіне жеке-жеке дерекқор жөнінде ақпарат берілді. Бір үкіметтік емес ұйым директорының мекен-жайы нақтыланып, ескерту хат жолданды. Қазіргі уақытта он бір (11) үкіметтік емес ұйым дерекқорға тіркелді.

 Барлық  үкіметтік емес ұйымдарға уәкілетті органға атқарылған жұмыстары туралы есеп беру қажет екені жеткізілді. Қорытынды жұмыстар бойынша жұмыс жасамайтын үкіметтік емес ұйымдарды (ерікті немесе мәжбүрлі түрде)  жабу туралы ұсыныс хат аудандық кірістер басқармасына жолданды. Осы бағытта, Салық кодексінің 93-бабымен салық төлеушілер қызметін мәжбүрлі түрде таратудың тәртібі бойынша "БЕКЕТ-АТА" қоғамдық қоры №271 бұйрығымен 29.11.2019 жылы жабылды және "Құрық рухани" қоғамдық қоры өз өтініші бойынша №196 бұйрығымен 11.09.2019 жылы жабылды. Сонымен қатар, өз өтініші бойынша "Сүйіндік" Қамқоршылық кеңесі» қоғамдық қорын өз өтініші бойынша жабу процесі жүруде.

  Барлық үкіметтік емес ұйымдарға дерекқор бойынша ақпарат беріліп отырады (аудан әкімінің сайтына және әлеуметтік желілерге ақпараттар жарияланды, сонымен қатар байланыс телефондары арқылы да хабарландыру жасалды).

   2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 15 іс-шара өтті. «Ардагерлер ұйымдарының қызметін жандандыру бойынша шараларды ұйымдастыру» тақырыбы бойынша «Ажар-ай» қоғамдық қорының ұйымдастырумен 4 шара, «Терроризм әрекетінің және діни экстремизмнің алдын-алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру» тақырыбы аясында "Ажар-ай" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында аудан аумағындағы 35 кездесу өткізіліп. «Ажар-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қарақия аудандық ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастыру арқылы үкіметтік емес ұйымдар секторын дамыту» тақырыбында 4 шара және «Қолдау-Қазақстан» жеке меншік мекемесінің ұйымдастыруымен «Қарақия ауданы әкімдігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбы аясында 7 шара өтті.

Дәстүрлі діни бағытты түсіндіру және деструктивті діни бағыттағы тұлғалармен кездесу. Қазіргі уақытта аудан бойынша діни ахуал тұрақты. 2019 жыл бойынша діни келеңсіздік жағдайлары тіркелген жоқ. Ауданда 4 мешіт және 1 намазхана бар. 4 мешіт (Құрық, Жетібай, Мұнайшы және Сенек ауылы) және 1 намазхана (Ст. Ералы). Аталған мешіттерде ахуал тұрақты.

 Үстіміздегі жылы тұрғындар тарапынан діни бағытта 3 өтініш келіп түсті. 1-өтініш Құланды ауылының бір топ азаматтарынан мешіт салуға қоғамдық тыңдау өткізуге рұқсат сұрау, қалған екі өтініш ст.Ералы тұрғындары тарапынан түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында болды.

  Діни экстремизм мен терроризм әрекетінің  алдын алу бағытында 2019 жыл бойынша 33 кездесу өтіп, оған 1974 адам қамтылды.

Кездесулер колледж, мектеп және ауданға қарасты өндірістік мекемелерде, атап айтқанда  Құрық порты, Тасбулат Ойл, Мұнайтелеком, Вест Ойл, OSC, OСС, МаңғыстауЭнергоМұнай мекемелерінде өтті. Ендігі кезекте, Технотрейдинг, АқтауКранТехСервис, Ерсай, ЖетібайМұнайГаз сияқты өндіріс мекемелері мен Болашақ  темір жол мекемесінде және де Сенек, Бостан, Құланды ауылдарында  өткізу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін аудан аумағындағы мекемелер толық қамтылатын болады.

  Қарақия ауданы бойынша діни экстремизм және терроримзнің алдын алу, діни ахуалға талдау жасау мақсатында Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің 2019 жылға жоспарлаған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 1 000 000 теңгеге «Терроризм әрекетінің және діни экстремизмнің алдын-алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру»  тақырыбындағы лотта сәуір айынан бастап  "Ажар-ай" қоғамдық қоры жеңімпаз деп танылып (799 999 теңге), жоспарға сәйкес жұмыстарын жүргізіп келеді.

 Аталған қор тарапынан теолог маманы шақыртыла отырып, маусым айынан бастап дәстүрлі емес діни бағытты ұстанатын тұлғалармен 35 кездесу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, теолог тарапынан 4 (3 ер, 1 әйел) адам оңалды деп анықтама беріліп, ҰҚК ұсынылды.

 Өңірде теолог маманның тапшылығына байланысты алғашқы кезеңде Қарақия аудандық орталық мешіттің бас имамы Т.Хамиттің көмегімен  дәстүрлі емес діни бағытты ұстанатын 6 азаматпен оңалту жұмыстары жүргізілді. (Жетібай ауылы бойынша 4 азамат, Құрық ауылы бойынша 2 азамат). Соңынан, Азган Юнус деген теолог-маман шақыртылып Жетібай ауылының 5 азаматымен оңалту жұмыстары жүргізілді. Теолог Сейлханов Нұрболмен 26 кездесу өтті.

 Сондай-ақ, теріс діни бағыттағы тұлғалардың жұбайларымен де жұмыс жүргізу мақсатында әйел теолог Аян Нұржақыпты шақырта отырып 3 әйелмен кездесу өтті.

  Бұқаралық ақпарат құралдары бойынша «Қарақия» газетінде және аудан әкімдігінің ресми-интернет ресурсында «Терроризмге қарсы күрес» айдары ашылып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында жыл басынан бері 17 мақала жарық көрді. («Қарақия» газетінде 2 мақала, Қарақия ауданы әкімінің ресми сайтында 8 мақала, әлеуметтік желіде 7 мақала). Сонымен қатар, ақпараттық түсіндіру тобының атқарған жұмыстары аудан әкімінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде үнемі жарияланып тұрады.       

  Қоғамдық ахуал туралы. Қазіргі уақытта аймақтағы әлеуметтік-саяси жағдай тұрақты. 2019 жыл бойынша наразылық акцияларын, митингтертер өткізу бойынша арыздар түскен жоқ. Алайда, аудан аумағындағы өндірістік мекемелерде жұмысшылар тарапынан орын алған наразылық акциялар болды.

«Техно Трэйдинг ЛТД» ЖШС

 Шілде айында «Техно Трэйдинг ЛТД» ЖШС-ның қызметкерлері мен басшылары арасында наразылық орын алды. Осы орайда, мекеме жұмысшылары ҚР Президентінің атына мекемеде орын алып жатырған әділетсіздіктерді шешіп беру мақсатында өтініш жазған болатын. Өтініш беруші мекемеде бүгінгі күнге дейін басшылары әділетсіз түрде 400 адамды жұмыстан шығарғаны және заңға қайшы «Бірлік» кәсіподағы ашылғаны туралы мәлімдеген. Мәселені анықтау мақсатында облыстық еңбек басқармасымен бірлесіп «Техно Трэйдинг ЛТД» ЖШС мекемесімен жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі таңда, аталған мекемеде ахуал тұрақты.

«М-Техсервис» ЖШС

Қыркүйек айында «М-Техсервис» ЖШС жұмысшылары бүгінгі таңдағы жалақыларына көңілі толмай, жалақыны көтеру мәселесіне байланысты басшыларын талап қойып, жұмысты тоқтатты. Аталған мәселе мекеме және жұмысшылардың екі жақты келісімімен шешімін тапты. Мекеме тарапынан жұмысшылар талабы орындалып, жалақылары көтерілді. Мекемеде жұмысшылар жұмыстарына кірісті. Ахуал тұрақты.

«Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС

«Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС-дағы (97 адам) және мердігер мекемелерде Қарақия ауданы бойынша 800-ге жуық адам жұмыс жасады. Бүгінгі таңда жұмыс мөлшерінің азаюына байланысты «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС-да және мердігер мекемелерде тамыз айынан бастап қысқартулар орын алды. Жыл басынан бері «Ерсай» компаниясынан 2020 адам қысқарды, оның ішінде 1200 адам Маңғыстау облысының тұрғындары, 500 жуық адам Қарақия ауданының азаматтары.

  Аталған мәселені шешу, ауданда жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында 11 қазан күні аудан әкімі Қ.Беков «Лукойл» компаниясы бас директорының орынбасары Сергей Делиямен және «Жеңіс Оперейтинг» ЖШС директорының орыбасары Жамбыл Бүркітбаевпен кездесті. Кездесу барысында «Жеңіс» теңіз учаскесін бірлесіп игеру мақсатында жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған.

  Сондай-ақ, қосымша «Ерсай Каспиан Контрактор» компаниясынан босаған жұмыссыз азаматтарды мамандығына сәйкес Атырау облысы «Теңізшевройл» ЖШС-не жұмысқа орналастыру жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

  Аудан әкімінің қабылдауында болған жұмыссыз тұрғындарға «Ерсай» компаниясының жұмыс көлемінің азаюына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. «Ерсай» компаниясы өкілдерімен бірге аудан әкімдігі ғимаратында жұмыссыз қалған тұрғындармен бірнеше кездесулер өткізіліп, тұрғындардың сауалдарына жауап берілді. Жұмыссыздарды кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында «Бастау-бизнес» жобасы аясында 13 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыздарға жұмыстан босауына байланысты, төленетін әлеуметтік төлем тағайындалуда, сондай-ақ enbek.kz электрондық еңбек биржасынан мамандығына сай, жұмыс орындарды қарауға болатыны түсіндірілуде.

  Сонымен қатар, «Ерсай» компаниясынан жұмыстан қысқарып қалған жұмыссыз 14 азамат «Интер Строй Актау» ЖШС мердігер мекемесіне жұмысқа орналастырылды.

«Маңғыстаугеология» АҚ

 «Маңғыстаугеология» АҚ-ның Құрық ауылындағы қызметкерлері арасында жалақы мәселесі орын алып отыр. «Маңғыстаугеология» АҚ 2015 жылдан бастап негізгі қызметін тоқтатқанымен, өндірістік базасы Құрық ауылында орналасқандықтан,  ішінара қызметкерлер жұмысын жалғастыруда. Күні бүгінде мекеме тарапынан аталған қызметкерлермен бірге бұрынғы жұмысшыларына да еңбекақы берешектері бар.

  Маңғыстау облысының арнайы ауданаралық экономикалық сотының 03.07.2019 жыл №4712-19-3-1/1417 шешімімен «Маңғыстаугеология» АҚ банкрот болып танылған. Алайда, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот коллегиясының Қаулысымен жоғарыдағы шешімнің күші жойылған.

  Осыған орай, жоғарыда аталған мекеменің 5 қызметкері, Құрық ауылының тұрғындары Койшыбаев А.Ж., Майлыбаев Ш.Т., Суймбаев К.У., Зинуллин К.К., Латипов К.М. биылғы жылдың шілде және тамыз айларында Маңғыстау облысы еңбек инспекциясына шағымданып, наразылықтарын білдірген болатын. Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында 22 қазан күні мекеменің  17 қызметкерімен (шамамен еңбекақы алмаған барлық жұмысшылар саны 50-60 адам) кездесу ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлер соңғы 5 жыл ішінде еңбекақыны, еңбек демалысының қаражатын алмағандығын және зейнетақы қорларына да мүлдем қаражат түспегендігін, кейбір жұмысшылар бір ай еңбеқақысын аударып төрт-бес ай аудармайтынын атап өтті.

  Сонымен қатар, мекеменің уақытша басқарушысы Қ.Қойшығұлмен (тел.87015223403) сөйлесіліп, егерде компания банкрот болып танылған жағдайда, мекеменің қызметкерлері алдындағы еңбекақылары бойынша берешектерді өтеу бағытында жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Сонымен қатар, аталған мәселенің маңыздылығын ескере отырып 22 қазан күні «Маңғыстаугеология» АҚ қызметкерлерінің еңбекақы берешектерін өндіру бойынша тиісті мемлекеттік органдармен жиналыс өткізу бағытында Маңғыстау облысының әкімі Қ.Жұмашевқа хат жолданған болатын.

  Аталған мекеме жұмысшылары тарапынан наразылық ұйымдастыру немесе қатысу ниеті байқалмайды.

«Техно Трейдинг ЛТД» ЖШС

«Техно Трейдинг ЛТД» ЖШС-да 2012 жылдан бері «ТТЛТД» жұмысшылар кәсіподағы жұмыс жасап келеді. Кәсіподақ құрамында 500-ге жуық жұмысшы бар. 2017 жылы мекеме тарапынан «Бірлік» жұмысшылар кәсіподағы ашылған. 400-ге жуық жұмысшы аталған «Бірлік» кәсіподағына ауысқан. 2019 жылдың 31 желтоқсанында 2012 жылы ашылған кәсіподақтың ұжымдық шарт мерзімі аяқталады. Осы орайда, «Бірлік» кәсіподағы аталған ұжымдық шартқа келіспеуде және «Кәсiптiк одақтар туралы» Заңды бұзып отыр деп» - «ТТЛТД» жұмысшылар кәсіподағының төрағасы Ерпанов В.Е. 25 қараша күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Л.Е.Тоғжановқа аталған мәселені шешу мақсатында хат жолдаған.

«Oil Services Company» ЖШС

2018 жылдың 31 желтоқсанынан бастап «Oil Services Company» ЖШС-ның Жетібай аумағындағы жұмысшылары аталған мекемеден жұмыстан шығып «Demey I Ko» ЖШС-мен жаңа еңбек шартына отырған. Оған себеп, 2018 жылдың желтоқсан айында «Oil Services Company» ЖШС басшылары жұмысшыларымен кездесіп, «Demey I Ko» ЖШС-мен еңбек шартына отырмаған жағдайда «Oil Services Company» ЖШС жабылады деп көндірген. Жұмысшылар аутсорсингпен «Demey I Ko» ЖШС-мен еңбек шартына отырған. Осы орайда, «Demey I Ko» ЖШС тарапынан жұмысшыларға әлеуметтік міндеттемелер – еңбек демалысына, жататын орнына, тамақпен және басқада қызметтерге қаражат қарастырылмаған. Алайда, мекеме тарапынан еңбек шартын жасақтаған кезде жұмысшылармен келісім болмаған.

 Аталған мәселені шешіп беруді сұраған жұмысшылар 05.07.2019 жылы Маңғыстау облысының Прокуратурасына №03-02/ЖТ-Ұ/ы-622 санды ұжымдық өтініш берген. Маңғыстау облысының Прокуратурасы аталған мәселені анықтау мақсатында Маңғыстау облысының еңбек басқармасына жолдаған. Алайда, күні бүгінге дейін жұмысшылармен басқарма қызметкерлері кездескен жоқ» - деп жұмысшылар ҚР Президентінің атына 18 қараша күні №ЖТ-ҰЖ/15770, бір санды ұжымдық хат жолдаған.

  Маңғыстау облысының еңбек басқармасының мәліметіне сәйкес шілде айында «Oil Services Company» ЖШС және «Demey I Ko» ЖШС мекемелерені тексеріс жүргізілген. Наразылық білдіріп жүрген тұлғалар «Oil Services Company» ЖШС 5/50 бағдарламасымен өз еркімен жұмыстан босатылып, аутсорсингпен «Demey I Ko» ЖШС жұмысқа орналасқан. Аталған мекеме тарапынан ешқандай заң бұзушылық орын алмаған. Бүгінгі таңда наразылық білдіріп жүрген 13 жұмысшы. «Demey I Ko» ЖШС директорын шақырып, жұмысшылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

«М-Техсервис» ЖШС

«М-Техсервис» ЖШС Жетібай ауылы аумағында жыл сайны «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның тапсырысы бойынша жұмыстар жүргізіп келген. 2019 жылдың желтоқсан айында келісім-шартқа сәйкес жұмыс көлемінің бітуіне байланысты, аталған мекеме 2020 жылы конкурстың нәтижесі күтуде. Бүгінгі таңда, «М-Техсервис» ЖШС 282 қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде, 100-ден астамы Қарақия ауданының тұрғындары. Аталған мекеме жұмысшылары, жұмыссыз қалудың алдын алу мақсатында 31 желтоқсан күні облыс әкімінің орынбасары Ә.Қыраубаевтың қабылдауында болды.

ДВК жақтаушыларымен жүргізілген жұмыстар

Аудан бойынша актуалды хабар таратып отырған «WhatsApp» мессенджерінде топтар:

1.«Жетібай жұмыссыздары» - (4 шілдеде құрылған, 30 адам тіркелген, ашқан номер: 87085641338)

2.«Әділдік керек Маңғыстау» - (30 мамырда құрылған, 156 адам тіркелген, ашқан номер: 87758895310 – Таласбаев Нурлан)

3.«Жетыбай хабарландыру» - (10 маусымда ашылған, 145 адам тіркелген, ашқан номер: 87754728607)

4.«СУТОКГАЗ7-БАЙ» - (10 тамызда ашылған, 96 адам тіркелген, ашқан номер: 87085641338)

5.«Жетібай сілтемелері» - (13 қазанда ашылған, 26 адам тіркелген, 87758895310 – Таласбаев Нурлан)

6.«Құрық жұмыссыз жастары» - (11 қыркүйекте ашылған, 98 адам тіркелген, 87011618819)

 Бүгінгі таңда «Жетыбай ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРЫ» тобы жабылды. Қалған топтарды жабу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Топтарда ахуал тыныш, белсенділік төмен. Наразылық акцияларына шақырған тұрғындармен жеке кездесіп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

  Әлеуметтік желідегі ДВК ресми парақшаларында 16 желтоқсан күні алаңға шығуға шақыруда. Алайда, жоғарыда аталған топтарда ақпарат таратылып жатырған жоқ.

 Жастар саясаты. Қарақия ауданы бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар саны 9018-ды құрайды, бұл аудан тұрғындарының (37771) 23,8%-ы. Аудан бойынша жастар ісі жөніндегі кеңес жұмыс жасайды. Жастар арасында кәсіпкерлер саны – 245. Жастар арасында жұмыссыздар саны артуда. 2017 жылы – 103, 2018 жылы -164, 2019 жылы – 278 жасты құрап отыр. Дегенменде жастарды жұмыспен қамту бағытында бірталай шаралар атқарылуда. «Жастар тәжірибесі» бойынша 2017 жылы – 76, 2018 жылы - 97, 2019 жылы – 159 жас жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, «Жасыл ел» жобасы бойынша 2019 жылы 180 жас жұмыспен қамтылды.

 Жыл сайын жас кадрлардың саны да артуда. «Дипломмен – ауылға!» жобасы аясында 2018 жылы 29 жас, 2019 жылы 62 жас мамандар жәрдемақы алды.

  ҚР Мемлекеттік Рәміздерін қолдану және насихаттау жөніндегі жұмыстар туралы. Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік  рәміздерді  насихаттау, оларды пайдалану мен мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету жөнінде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссия отырысының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары жасақталып бекітілді. 2019 жылы аталған комиссияның наурыз айында І-отырысы өтті. Мемлекеттік  стандарттардың  сақталуы  бағытындағы  жұмыстарды  үйлестіру  бойынша  жыл  басынан  бері  аудандағы  барлық  мемлекеттік мекемелердің ғимарат  сыртындағы  және  ішкі  кабинеттерде орналасқан Мемлекеттік рәміздердің жағдайы  тексеріліп,  келбеті  кеткен  немесе  стандартқа  сай  емес   рәміздер уақытында ауыстырылып отырады. Бүгінгі таңда Мемлекеттік Елтаңбаның ҚР ҰС 989-2014 жаңа ұлттық стандартына мекемелерді ауыстыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Аталған бағытта, ай сайын мекемелерге мониторинг жұмыстары жүргізіліп тұрады.

  Тексеру нәтижесінде: Қарақия ауданында – 74 мемлекеттік мекеме орналасқан. Оның ішінде – аудан бойынша 19 мемлекеттік мекемеде елтаңба ғимарат сыртында орналасқан. Бүгінгі таңда 43 мемлекеттік мекемеде елтаңбалар, мөрлері және бланкаларында «Qazaqstan» жазулы жаңа үлгіге ауыстырылды. Елтаңбаны жаңа стандартқа ауыстыру мерзімі 2020 жылдың желтоқсан айына дейін.

№

Елдімекен атауы

 

Мемлекеттік Елтаңба бойынша

Аудандағы жалпы мекемелер саны

Ғимарат сыртында

Кабинетте

орналасуы (ішкі) /

Мәжіліс залы

Мекеме

Ауысқаны

Жалпы

Ауысқаны

Ауыспағаны

Жалпы

Ауысқаны

Ауыспағаны

1

Құрық ауылы

41

25

12

6

6

41

19

22

2

Жетібай ауылы

11

2

2

2

-

11

11

-

3

Мұнайшы ауылы

7

2

1

1

-

7

7

-

4

Құланды ауылдық округі

3

3

1

0

1

3

3

-

5

Бостан ауылдық округі

4

4

-

-

-

3

3

-

6

Сенек ауылы

4

4

1

1

-

4

4

-

7

Болашақ ауылдық округі

3

3

1

1

-

3

3

-

 

Барлығы

74

43

18

11

7

74

50

22

 

2019 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 27 жылдығы аталып өтілуде.  ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 27 жылдығы аясында аудан бойынша төмендегі іс-шаралар ұйымдастырылуда.                            

- 5 мерекелік концерт ;                                                                - 4 дөңгелек үстел,                                                                        - 11 кітаптар көрмесі,                                                                  - 5 әдеби кеш,                                                                                  - 6 танымдық сайыс өткізілуде,

- 2 интеллектуалдық ойын.

ақпарат
Дата публикации
20 января 2020