Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Қарақия аудандық жер қатынастары» бөлімінің мамандары мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру және мекемеде орналасқан «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрыштарының жұмысын жетілдіру мақсатында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, бөлім басшысы қызметкерлерімен «Дөңгелек үстел» өткізіп, жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді сапалы, әрі уақытылы орындау, мерзім бұзушылықтарды болдырмау жөнінде тапсырма берді. Қамтылған адам саны: 9