Мемлекеттік қызмет көрсету- басты назарда!

Қарақия ауданы әкімі аппараты басшысының 2021 жылғы 13 қаңтардағы бекіткен Қарақия ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы көрсету бағытында әдістемелік көмек көрсету іс-шара жоспарына сәйкес,  түсіндіру жұмыстары жүргізіліп аудан әкімінің (Facebook.com) ресми парақсашында жария етілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсететін жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік көмек, түсіндіру шаралары а.ж. 18-20 қаңтар айы аралығында бөлімдерді және 20-22 қаңтар айы аралығында ауыл және ауылдық округтік әкімдіктерді қамтыды.

Қарақия  ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыруды дамыту бөлімшесінің қызметкерлері жиын барысында жауапты мамандарға мемлекеттік көрсетілетін  қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі бақылау бойынша  есептілікті сапалы толтыруын, мемлекеттік органның  қызметкерлері тарапынан  нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуды, қызметалушыларға мемлекеттік қызметтердің көрсетілу тәртібін  түсіндіру бойынша тапсырмалар берді.

 

 

 

 

Дата публикации
17 февраля 2021