Бюджеттің атқарылуы туралы есептер.

  Аудан бюджеті 2019 жылдың қорытындысымен - 13,5 млрд теңгені құрады, кірістер бойынша орындалысы - 101,1 пайыз (жоспар 13,4 млрд тг.).

 Шығындар көлемі – 99,8 пайызға орындалды (13,4 млрд тг.). Оның ішінде республикалық трансферттердің көлемі 2,7 млрд тг. теңге, орындалысы -99,3 пайыз.

  Даму бюджетінің көлемі трансферттерді қоса алғанда – 1 млрд 990 млн. теңгені құрады, орындалысы 100 пайыз.

 Бюджеттік алымдар бойынша есепті жылда 3,7 млрд. теңге облыстық бюджетке аударылды.

 Сондай-ақ, табыс және әлеуметтік салықтар түсімінің пайыздық бөлігінен 2,7 млрд теңге облыстық бюджетке алынды.

  Халық саны 2 мыңнан асатын 4 ауыл бойынша есепті жылы дербес бюджеті 1,2 млрд. теңгені құрады. Кірістер мен шығындар  бойынша орындалысы 100 пайыз, оның ішінде таза кірісі 314,0 млн. теңге.

 2020 жылы қалған үш ауыл Бостан, Құланды, Болашақ ауылдары да 4-ші деңгейлі бюджет жүйесіне өтіп, барлығы 7 ауылдың бюджеті 1,4 млрд теңге болып бекітілді. (Негізгі шығын көлемі санитарияға – 208,3 млн тг., абаттандыру жұмыстарына 97,2 млн тг. және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне 782,5 млн тг. құрап отыр).

 2020 жылы 7 ауылдың салықтық түсімдер мөлшері 166,8 млн тг., салықтық емес түсімдер мөлшері 14,5 млн теңгені құрап отыр.

бюджет
Дата публикации
12 февраля 2020