"Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі

«Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қарақия ауданы әкімдігінің және әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, хаттамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  1. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауымен жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.
  3. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
  5. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Қарақия ауданы әкімі аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130300, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 8 ғимарат.
  8. Мемлекеттік органның толық атауы: «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  9. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қарақия ауданының әкімдігі болып табылады.
  10. Осы Ереже «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  13. Егер «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер аудандық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
  1. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері
  1. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған Қарақия ауданы әкімдігінің және әкімінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
  2. Міндеттері:

1)мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылыс-ты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын –өмірге қосу;

2)Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономи-калық дамыту стратегиясын іске асыру, ауданда мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және әлеуметтік, экономикалық үрдістерді басқару, осы мақсаттар үшін барлық жергілікті атқарушы билік органдарының келісіп қызмет етуін қамтамасыз ету;

3) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық-саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және орындалуын қамтамасыз ету және ауданның аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың оларды орындауын бақылау;

5)Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.

  1. Функциялары:

1)ауданы әкімдігінің және аудан әкімі аппаратының регламентін сақтауды қамтамасыз етеді;

2)аудандағы ішкі саясат пен экономикалық жағдайларды талдайды, оның дамуын болжайды, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, аудан әкіміне және әкімдігіне бағыныстағы жергілікті атқарушы органдардың және лауазымды тұлғалардың жұмыстарын талдайды; қоғамдық пікірлерді зерделейді, аудан әкімінің және әкімдік мүшелерінің сұраған мәселелері бойынша ақпарат дайындайды;

3)әкімдіктің және әкімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардан түскен ақпараттарды, өтініштерді және ұсыныстарды жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есептеуді және қарауды қамтамасыз етеді, әкімнің, әкім орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының азаматтарды жеке қабылдаудың жүргізуін ұйымдастырады;

5)аудан әкімдігінің және әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, іс қағаздарын жүргізу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімдікке келіп түсетін хат-хабарларды өңдеу;

6)аппарат жұмысын жоспарлайды, әкімдік отырыс-тарының, кеңестердің, семинарлардың және басқа да іс-шаралардың өткізілуін, оларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады;

7) аудан бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді;

8)ауданның аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды; аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

9) ауданның аумағындағы кенттер мен ауылдар құрылысын салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады, аудандық коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, кентішілік және ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді;

10) ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;

11)аудандық маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;

12)Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

13) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады, коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады, тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді, авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;

14) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді атқарады;

15)аудан аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi;

16) ауыл шаруашылығы және ветеринариялық қызметті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету, олардың дамуына барынша қолайлы жағдайлар жасау, халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

17) азаматтардың тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқығының іске асырылуын жүзеге асырады;

18)Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік кәсіпорындарды құрады, облыстық атқарушы орган белгілеген штат санының лимиті және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативтер шегінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді;

19) дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

20)әкімнің, әкімдіктің, аудан әкімі аппаратының қызметтерін құжаттамалық қамтамасыз етуді, сонымен қатар, құпия іс жүргізуді жүзеге асырады, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құпиялық тәртіпті қамтамасыз етеді;

21)жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

22)әкімнің, әкімдіктің, аудан әкімі аппараты басшысының актілерін тіркеуді және таратуды жүзеге асырады, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және аудан әкімі аппаратының құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын дайындайды;

23) аудан әкімінің қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз етуге және өзге де мәселелерін шешуге қатынасады;

24)мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастырады және конкурстық іріктеуді ұйымдастырады;

25)мемлекеттік органның кадр мониторингін жүргізеді және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде "е-қызмет" дербес басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді;

26)ауданда ақпараттандыру деңгейін арттыру және ақпараттық жүйелерді дамыту жөніндегі жұмысты жүргізеді;

27)жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар мәселелері жөнінде аудан әкімі мен әкімдігінің, ауданның ақарушы органдарының қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

28)әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;

29)терроризмге қарсы комиссиялар арқылы ауданның аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жағдайларға әсер ететін аудандағы қоғамдық-саяси, діни мәселелерге мониторинг жүргізеді;

30)жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мониторинг жүргізу және сапасын бақылау;

31)«Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің цифрландыру бойынша тиісті шаралар қабылдау;

32)«Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1)мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды және мәліметтерді сұратуға және алуға;

2)аудан әкімінің және аудан әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын дайындауға ұсыныстар енгізуге және қатысуға;

3)аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерін, аудан әкімдігіне ведомстволық бағыныстағы мекемелерді құру, қайта құру, тоқтату мәселелері бойынша ұсыныстарды енгізуге;

4)өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің басшыларына, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға, мекемелерге қажетті тапсырмалар беруге;

5)Қарақия ауданы әкімдігі және әкім аппараты атынан сотта талапкер және жауапкер болуға;

6)заңамада қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.

  1. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
  1. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырылады.
  2. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшының өкілеттігі:

1)мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүдделерiн бiлдiредi;

2)«Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына жеке жауап береді;

3)қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

4)қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте тағайындау және босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту, марапаттау, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;

5)аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

6) аудан әкімі аппаратының ақшалай қаражаттарын басқарады, бюджеттік қаражаттардың нысаналы қолданылуына бақылауды жүзеге асырады;

7)оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бірінші басшымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.
  2. Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысы:

1) аудан әкімінің бекітуіне «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, аудан әкімі орынбасарларының арасында міндеттерді бөлу, «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық құрамы бойынша ұсыныстар енгізеді;

2)Қарақия ауданы әкімдігінің мамандарының жұмысын үйлестіреді, «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің және өзге құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

3)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

4)аудан әкімдігі мен аудан әкімінің актілерінің орындалуы мен қадағалануына, оның тапсырмаларының орындалуына бақылау жұмысын үйлестіреді;

5)аудан әкіміне қол қою және қарау үшін әкімдіктің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің және аудан әкімдігіне жолданған басқа да материалдарды ұсынады;

6)бұйрықтар шығарады;

7)ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

8)қызметтік құжаттамаға қол қояды;

9)еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

10)қызметкерлерді іссапарларға, тағылымдамаға, оқуға жібереді;

11)ауданның кадр саясатын жүзеге асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

12)құпиялық құжаттарға дербес жауапты;

13)сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолдануға дербес жауапкершілікте болады;

14)осы Ережеде көрсетілген, сондай-ақ аудан әкімі оған жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындау үшін оның құрамында бөлімдер және (немесе) құрылымдық бөлімшелер құрылады.

Құрылымдық бөлімшелер осы Ереженің және оны аппарат басшысының бұйрығымен бекітілетін бөлімдер және (немесе) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелердің негізінде іс-қимыл жасайды.

  1. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
  1. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

«Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалып-тастырылады.

  1. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітіп берілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
  2. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер де Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты
  1. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес белгіленеді.
  2. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
  1. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қарақия ауданы әкімдігінің қаулысымен жүзеге асырылады.
  2. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
  1. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
  1. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Ереже
Дата публикации
03 февраля 2020