Жоба. Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес облыстық мәслихат  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. Облыстық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

  1) 2015  жылғы  10  желтоқсандағы  № 29/441    «Қарақия  ауданының     елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидалары туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2936 болып тіркелген, «Әділет»  ақпараттық-құқықтық  жүйесінде 2016 жылғы 19 қаңтарда  жарияланған);

  2) 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №29/442 «Қарақия ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2936 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық  жүйесінде 2016 жылғы 19 қаңтарда жарияланған);

  1. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Облыстық мәслихат хатшысы

 

Дата публикации
05 февраля 2021