Қарақия аудандық мәслихатының кезекті VII шақырылымдағы депутаттарын сайлау қорытындысы туралы хабарлама

2021 жылы 10 қаңтарда Қарақия аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Қарақия ауданы бойынша сайлаушылар тізіміне 20 705 азамат енгізілді, оның 12 833 адамы немесе 61,98 пайызы бюллетень алды.

Дауыс беруге 12 661 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 5 сайлаушы дауыс берді, 44 сайлаушы үй-жайынан тыс жерде дауыс берді.

Сайлауға 3 саяси партия қатысты.

Саяси партияларға дауыс беру кезінде келесі дауыстар берілді:

«Nur Otan» партиясы – 10 551 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан дауыстарының 82,71%;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 2 150 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының  16,85%;

«ADAL» саяси партиясы - 56 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,44%.

Дауыс беруге қатысқандар санынан сайлаушылар дауысының жеті және одан көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың келесі бөлінуі белгіленді:

«Nur Otan» партиясы - 10 мандат;

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы - 2 мандат.

Қарақия аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 января 2021