Қарақия ауданында коронавирус инфекциясына қарсы ауыл және ауылдық округ әкімдерінің карантиндік шараларды қабылдауы бойынша жұмысын мониторингілеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлкеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімінің 2020 жылғы 27 қазандағы №104-ө «Маңғыстау облысында корнавирус инфекциясына қарсы қала және аудан әкімдерінің карантиндік шараларды қабылдауы бойынша жұмысын мониторингілеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» өкіміне, Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №38-ПГСВ «Маңғыстау облысының аумағында карантин режимі және карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысының негізінде және Қарақия ауданында коронавирус инфекциясына қарсы ауыл және ауылдық округ әкімдерінің карантиндік карантидік шараларды қабылдауы бойынша тиісті шаралардың ұйымдастырылуын мониторингілеу мақсатында:

  1. Қарақия аудынында коронавирус инфекциясына қарсы ауыл және ауылдық округ әкімдерінің карантиндік шараларды қабылдауы бойынша жұмысын мониторингілеу жөніндегі жұмыс тобы (әрі қарай-Жұмыс тобы) құрылсын және осы өкімнің 1-қосымшасына сәйкес құрамы бектілсін.
  2. Ауыл және ауылдық округ әкімдері коронавирус инфекциясына қарсы карантиндік шараларды қабылдауы бойынша тиісті шараларды ұйымдастырсын.
  3. Осы өкімнің 2-қосымшасына сәйкес Қарақия ауданы әкімінің кейбір өкімдері жойылсын.
  4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қарақия ауданы әкімінің орынбасары С.Төретаевқа жүктелсін.

Әкім                                               Қ. Беков

 

 

Дата публикации
29 декабря 2020