Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, 2020 жылғы 04 қарашадағы аудандық жер комиссиясының №11 хаттамасына сәйкес Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Becturly Energy Operating» ЖШС-не меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, Қарақия ауданы «Шығыс Бектұрлы» келісімшарттық учаскесінен 3 (үш) шақырым кірме жолдары бар және жалпы алаңы 6,5 гектар бағалау ұңғымасын салу үшін 2,0308 гектар жер учаскеіне жария сервитут белгіленсін.
- «Becturly Energy Operating» ЖШС-не жер пайдаланушыларға жария сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және кірме жолдары бар бағалау ұңғымасын салу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
- «Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н.Мекенова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Төретаевқа жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ.Беков