Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурызындағы №80 «Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №272 «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурызындағы №80 ««Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №272 «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы»  қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3348 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін: 

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Чукин) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Төретаевқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Әкім                                             Қ. Беков

 

Қарақия ауданы әкімдігінің

2020 жылғы «    » желтоқсандағы

№    қаулысына қосымша

АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ 

№

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Жалпы ұзындығы

(шақырыммен)

1

KR-KG-1

«Қызылсай - Сенек»

27 шақырым

2

KR-KG-2

«Жаңаөзен - Құланды»

4,1 шақырым

3

KR-KG-3

«Ракушечное» кенорнына кіреберіс

18 шақырым

4

KR-KG-4

Ералиев станциясына кіреберіс

12 шақырым

5

KR-KG-5

Жоғарғы  Мұнайшы  ауылына кіреберіс

3 шақырым

6

KR-KG-6

Жетыбай станциясына кіреберіс

2 шақырым

7

KR-KG-7

Ботагөз ауылына кіреберіс

3 шақырым

8

KR-KG-8

Құрық ауылынан өту

1 шақырым

9

KR-KG-9

Ералиев станциясына өту

3 шақырым

10

KR-KG-10

Құрық әуежайына өту

2 шақырым

11

KR-KG-11

«Сенек - Аққұдық»

87 шақырым

12

KR-KG-12

«Құрық – Құрық порт»

22 шақырым

13

KR-KG-13

«Құрық порты – Қызылқұм жері»

10 шақырым

14

KR-KG-14

«А-33 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай – Утес – Шетпе – Жетібай – Ақтау порты» автожолы км 707 – 713 учаскесі (5 км)»

5 шақырым

15

KR-KG-15

Бозжыраға кіреберіс

18 шақырым

16

KR-KG-16

Жетібай ауылына кіреберіс

6 шақырым

17

KR-KG-17

Құрық ауылына кіреберіс

1,5 шақырым

 

 

Барлығы

224,6 шақырым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 декабря 2020