Қарақия аудандық ауылшаруашылығы бөлімі бойынша ағымдағы жылдың қараша айының 20 мен 30 аралығында, аудан көлемінде орналасқан бірқатар кәсіп орындарда болып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ЖШС «OSC», ЖШС «ЭКЬЮПМЕНТ СЕРВИСЕЗ ЛТД» мекемелеріне өз өтініштері бойынша, орналасқан жерлері бойынша барып, механизаторлар мен кездесіп техникалардың жай-күйі тексерілді. Тракторист-машинист куәліктерінің мерзімдерінің жүргізу санаттарының сәйкестігінің қатаң сақталуы түсіндірілді. Жүргізу куәлігін алуға келген механизаторларға электронды түрде берудің еш қиындығы жоқ екендігі көрсетілді. 2 рет кездесу өткізіліп, 10 адам саны қамтылды.