31.12.2020 Press_secretary Ақпараттар бюросы, Жерқатынастары бөлімі, конкурстар (аукциондар, конкурстар мен аукциондар 0
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру
Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар! «Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-сі 2020 жылы 31 желтоқсан сағат 11:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жеру часкесін жалдау құқығынсату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.
Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидасына» сәйкес қабылданады.
Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукцион өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екісағат бұрын аяқталады, содансоң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.
Аукционға қатысу үшін мыналарды:
1) жеке тұлғалар үшін:
— жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін:
—бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұданәрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
3)кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;
4)байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қол қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тізілімнің веб-порталы автоматы тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанғадейін бір сағатішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматы түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады.
Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қолқояды.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады.
Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық формата тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦК пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда саттық нәтижелері туралы хаттамаға қолқойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді:
Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; БСН: 050540004455; ТТК: 171; БЕК: 16.
Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; ЖСК: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.
Төлеммақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.
Назар аударыңыз! Жеңiмпазға ол сауда-саттық тардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.
Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталында қатысушының қолқойылған ЭЦҚ арқылы, өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Аукционға бағаны көтеру әдісімен келесі сату объектілері қойылады:
|
Қатар саны |
Жеручаскесінің мекен-жайы |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Жер учаскесінің ауданы (га) |
Сату объектісі (құқық түрі) |
Жер учаскесіне шектеулер мен ауыртпашылықтар |
Бастапқы баға (теңге) |
Кепілдік жарна жер учаскесінің 5 % қүрайды, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек (теңге) |
Жер учаскесіне 1 жылға қойылатын салық мөлшері (теңге) |
|
1 |
Құрықауылы, Құрық-Ақтау 1,3 км тас жолынан |
Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу және пайдалану үшін |
0,1750 |
Жеке меншік |
|
1 557 500 |
138 900 |
1008 |
|
2 |
Құрықауылы Құрық-Ақтау 1,5 км тас жолынан |
Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу және пайдалану үшін |
0,1700 |
Жеке меншік |
|
1 513 000 |
138 900 |
979 |
|
3 |
Құрықауылы, Құрық-ст. Ералы тас жолы, НҰР шағын маркет жанынан |
Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу және пайдалану үшін |
0,1000 |
Жеке меншік |
|
712 000 |
138 900 |
576 |
|
4 |
Қарақияауданыбосалқыжеріқоры, «Аги» шаруа қожалығы жанынан |
Қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі технологиялық кешенді жайластыру үшін |
10,0000 |
Жеке меншік |
|
11 650 000 |
582 500 |
2663 |
|
5 |
Құрықауылы, ст.Ералы-Құрық 254 м тас жолының сол жағынан |
Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу және пайдалану үшін |
0,0400 |
Жеке меншік |
|
249 200 |
138 900 |
230 |
|
6 |
Құрықауылы, Құрық-ст.Ералы 3,4 км тас жолының сол жағынан |
Өндірістік база құрылысын салу үшін |
0,1250 |
Жеке меншік |
|
1 001 250 |
138 900 |
720 |
|
7 |
Құрық ауылы Құрық-ст.Ералы 3,4 км тас жолының сол жағынан |
Мал бордақылау алаңының құрылысын салу үшін |
0,2500 |
Жеке меншік |
|
2 002 500 |
138 900 |
1440 |
|
8 |
Құрықауылы, Маңғыстаужері№ 17 көшесінің № 2 үй жанынан |
Кәсіпкерлікқұрылысын салу үшін |
0,0049 |
Жеке меншік |
|
30 527 |
138 900 |
28 |
|
9 |
Құрықауылы, Тоқмақжерінен |
Фермерлік теңіз балықтарын өсіру үшін |
5,0000 |
6 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы |
|
5 340000 |
267 000 |
28 800 |
|
10 |
Сенек ауылы, «Сенек» ЖШС- жем қоймасының жанынан |
Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу және пайдалану үшін |
0,0400 |
Жеке меншік |
|
57 600 |
138 900 |
230 |
|
11 |
Сенек ауылы, № 1 үйдің жанынан |
Аялдама және дүкен құрылысын салу үшін |
0,0120 |
Жеке меншік |
|
17 280 |
138 900 |
69 |
|
12 |
Бостан ауылы, № 606 жер учаскесінің қарама-қарсы бетінен |
Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу үшін |
0,1000 |
Жеке меншік |
|
144 000 |
138 900 |
576 |
|
13 |
Құланды ауылы, С, Бегендікұлы көшесі, № 5 үй жанынан |
Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу үшін |
0,0050 |
Жеке меншік |
|
10 800 |
138 900 |
29 |
|
14 |
Құланды ауылы, С, Бегендікұлы көшесі, № 5 үй жанынан |
Дәріханақұрылысын салу үшін
|
0,0050 |
Жеке меншік |
|
10 800 |
138 900 |
29 |
|
15 |
Жетібай ауылы, Мешітбай әулиесінің жанынан |
Жем қоймасының құрылысын салу үшін |
1,0000 |
Жеке меншік |
|
6 700 000 |
335 000 |
5760 |
|
16 |
Жетібай ауылы, «Ұлутас» ЖШС-нің өндірістік базасының жанынан |
Көпфункционалды қызмет көрсету орталығының құрылысын салу үшін |
0,5000 |
Жеке меншік |
|
3 350 000 |
167 500 |
2880 |
|
17 |
Жетібай ауылы, Астана шағына ауданы, № 61 үй жанынан |
Кәсіпкерлік нысан және дәріхана құрылысын салу үшін |
0,0150 |
Жеке меншік |
|
50 250 |
138 900 |
86 |
|
18 |
Мұнайшы ауылы, шағын кәсіпкерлік жанынан (кад13-197-007-786) |
Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу үшін |
0,1000 |
Жеке меншік |
|
670 000 |
138 900 |
576 |
|
19 |
Мұнайшы ауылы, Кәрізді тазарту құрылысының жанынан (кад-13-197-008-836) |
Өндірістік база құрылысын салу үшін |
0,2500 |
Жеке меншік |
|
1 675 000 |
138 900 |
1440 |
|
20 |
Қарақия ауданы босалқы жері, «Қарамандыбас» кен орны батыс жағы |
Өндірістік және тұтыну қалдықтарын қабылдау, уақытша сақтау, өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру, орналастыру мен көму кешені және тазартылған сарқынды суларды буландыру алаңдарының құрылысын салу үшін |
10,0000 |
Жеке меншік |
|
11 600 000 |
580 000 |
2663 |
|
21 |
Мұнайшы ауылы, Теміржолшы көшесі, № 1 «А» үй жанынан |
Наубайханақұрылысын салу үшін |
0,0400 |
Жеке меншік |
|
134 000 |
138 900 |
230 |
|
22 |
Мұнайшы ауылы, Республикалық Жетібай-Жаңаөзен тас жолынан |
Билбордқұрылысын салу үшін |
0,0006 |
Жеке меншік |
|
4020 |
138 900 |
3 |
|
23 |
Мұнайшы ауылы, Кәрізді тазарту құрылысының жанынан |
қоймақұрылысын салу үшін |
0,4000 |
Жеке меншік |
|
268 000 |
138 900 |
230 |
|
24 |
Құрық ауылы, Құрық-ст. Ералы 3,4 км |
Қалдықтармен жұмыс істеу кешенін салу үшін |
1,0000 |
6 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы |
|
6 230 000 |
267 000 |
5760 |
Ұйымдастырушы:«Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-сі, анықтама алу үшін телефон: 8 (72937) 2-18-00.