📢 ХАБАРЛАНДЫРУ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 7 маусымнан бастап Қарақия ауданы әкімінің аппараты қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.

Ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1️⃣ талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2️⃣ талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Осыған байланысты, 2026 жылғы 31 шілдеде Қарақия ауданы әкімінің аппаратында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерінің жария талқылауы өтеді.

 

Дата публикации
24 июля 2026