Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 4 маусымдағы №05-10-1035 ақпараттық хатының негізінде Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Құрық ауылы әкімінің 2008 жылғы 20 тамыздағы № 91 «Құрық ауылы аумағынан жаңа тұрғын үй салу үшін дайындалған жерге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»;
1 тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
«1.Құрық ауылы әкімінің 2008 жылғы 20 тамыздағы № 91 «Құрық ауылы аумағынан жаңа тұрғын үй салу үшін дайындалған жерге атау беру туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-4-65 болып тіркелген, 2008 жылғы 16 қыркүйектегі «Қарақия» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:».
|
|
Г. Салихов |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Маңғыстау облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 07.12.2020
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне №130000-130001-4355 болып енгізілді