2026 жылдың 17 мамырында Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы әкімінің сайлауы өтті.
Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы бойынша сайлаушылар тізіміне 2743 сайлаушы енгізілді, олардың 1630 дауыс беруге қатысты. «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 13, жарамсыз бюллетеньдер саны - 21.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Тәжібай Әбутәліп Бахтиярұлы - 1139, Тимурұлы Ахмет - 183, Үмбетқали Қуанышқали Ғалымғалиұлы - 274.
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімі болып Тәжібай Әбутәліп Бахтиярұлы сайланды, 1998 жылы туған, әкім орынбасары, «Мұнайшы ауылы әкімінің аппараты» ММ. Жетібай ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.