Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағына сәйкес Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы №150 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 24 сәуірдегі №222 қаулысына сәйкес өз еркімен өтініш беруіне байланысты №150 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Налыков Мерей Алтынғалиевич өз міндеттерін атқарудан босатылады.
Налыков Мерей Алтынғалиевичтің орнына Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы әкімін сайлау жөніндегі сайлау науқаны кезеңінде №150 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Мауленова Айжан Алмабековна тағайындалды.