Қарақия ауданының №149 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАР

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 20-бабы 12-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы №149 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 24 сәуірдегі №222 қаулысына сәйкес Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы әкімін сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңінде Мұнайшы ауылы әкіміне кандидатқа тікелей бағынысты болып табылатын №149 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Оңайбай Жанель Қамбарқызының міндеттерін орындау тоқтатыла тұрады.

Оңайбай Жанель Қамбарқызының орнына сайлау науқаны кезеңінде №149 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Садакбаева Жамал Сәрсенбайқызы тағайындалды.

 

 

 

Дата публикации
28 апреля 2026