Қарақия ауданының учаскелік сайлау комиссиясы құрамына өзгеріс енгізу туралы ХАБАР

     Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағына сәйкес Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы № 149 учаскелік сайлау комиссиясы құрамына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды:

      Мангытаев Ескуат Оразович Мұнайшы ауылы әкімінің міндетін уақытша атқаруына байланысты, Қарақия ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 218 қаулысымен Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы әкімін сайлау науқаны кезеңіне № 149 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерін орындауды тоқтата тұрады. 

      Өкілеттіктері тоқтатыла тұрған учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің орнына сайлау науқаны кезеңіне Ерназаров Нұрлан Бахтыгерейұлы   тағайындалды.       

 

Дата публикации
23 апреля 2026