
Бюджет саласында келесі жұмыстар жүргізіледі: ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен саясаттың басымдығын қалыптастыру; аудан бюджетін атқару барысын үйлестіруді ұйымдастыру; бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асырады; жергілікті бюджеттерді облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді; облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжайды; есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып: бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады; аудан бюджетінің жобасын жасайды және оны ауданның бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді; бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді; міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджеттер бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді; бюджеттік мониторингті жүзеге асырады; бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ұсынады;бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда бюджет қаражаттарын қайтаруды және қаржыландыруды тоқтатуды қамтамасыз етеді.