
Кәсіпкерлік бойынша келесі жұмыстар жүргізіледі:ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарында бәсекеге қабілетті және импортты алмастыратын өнімдер шығару үшін озық техника мен технологияны өндіріске енгізу; кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несиелер және қаржыландырудың басқа да нысандарын ұсынуға белсенді қатысу; кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет ету және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру; туризмді және туристік индустрияны дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шараларын ұйымдастыру; жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыру; жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау; өңiрде шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету; жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлеу және іске асыру; көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру; меншік нысанына және ведомствалық бағынысқа қарамастан ауданда кәсіпкерлік пен сауда қызметтерін дамыту мәселері бойынша кәсіпорындар қызметіне талдау жасауға және мониторинг жүргізуге.