
Құрылыс саласында келесі жұмыстар жүргізіледі: ауданының бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру,
құрылыс-монтаждық жұмыстарды жобалауға, құрылысқа арналған құжаттарды дайындау, ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын, коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру, аудан мекемелері мен кәсіпорындары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырады, жергілікті бюджет, облыстық бюджеттің арнайы трансферттері есебінен салынатын объектілердің құрылысына, реконсрукциялануына техникалық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, жүргізетін құрылыстардың жобалық- сметалық құжаттарын әзірлейді, бекітеді, жоспарлайды, құрылыс үдерісін мемлекеттік реттеуге және құрылыс салуға, тұрғын үй құрылыстарын салуға бағытталған мемлекеттік қаражатты бөлуге қатысу, бюджет қаржысының өз мақсатына жұмсалуын және бюджеттік ерекшеліктер бойынша толық игерілуін қамтамасыз ету, бағдарламалар бойынша қаралған бюджет қаражаттарының игерілуіне байланысты тиісті құжаттарды жинақтау, конкурс немесе тендерді мерзімінде өткізуді ұйымдастырады.