Қарағанды қаласы әкімінің аппараты «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді:
- экономика, қаржы және бюджеттік жоспарлау;
- мемлекеттік-құқықтық қамтамасыз ету;
- жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;
- құрылыс, сәулет және қала құрылысы;
- жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары.
Бағалаушыларға қойылатын талаптар: тиісті функционалдық бағыттар бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде ғылыми салада, не персоналды басқару саласының маманы немесе өзге мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшісі болуы.
Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген тұлғалар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында авторизациядан өтіп, еңбек қызметін растайтын құжаттарды otdelkadrov_krg@mail.ru электрондық поштасына жолдауы қажет.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 4 сәуірден 10 сәуірге дейін