Бүгін, 2026 жылғы 26 қаңтарда, жыл сайын ақпан айының алғашқы бейсенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар аясында «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы базасында білім беру семинары өтті.

Іс-шараға қалалық сайлау комиссиясының мүшелері, университеттің оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ Жас сайлаушылар клубының мүшелері қатысты. Семинардың тақырыбы: «Заңның үстемдігі — құқықтық мемлекеттің іргелі қағидаты».

Іс-шараның негізгі мақсаты қатысушыларды сайлау заңнамасымен тереңірек таныстыру, құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарын және электоралдық үдерістердегі жастардың рөлін талқылау болды. Семинар барысында жас сайлаушылардың азаматтық жауапкершілігі мен құқықтық мәдениетіне қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

Дата публикации
27 января 2026