Қарағанды қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

Қарағанды қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

 

 

2025 жылғы 26 қазанда Қарағанды қаласының № 8 және № 14 сайлау округтерінде өтетін қалалық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау науқаны шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.

Округтік сайлау комиссиялары қалалық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына кандидат ретінде ұсынылған
6 кандидатты тіркеді. 2 кандидат тіркеуге дейін өз кандидатурасын алып тастады.

Осылайша, қазіргі уақытта қалалық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда бір бос депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік 3 кандидатты құрайды.

Тіркелген 6 кандидаттың 2 саяси партия, 4 өзін-өзі ұсынған. Үміткерлердің барлығы ер адамдар.

Барлық кандидаттар 1 ұлттың өкілдері.

2 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады.

Орташа жас – 44,3 жас.

Барлық кандидаттардың жоғары білімі бар.

Кандидаттардың 2 – мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 2 - коммерциялық емес ұйымдарда; 2 – коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол ағымдағы жылғы 25 қазан 00.00 сағатқа дейін созылады.

 

Дата публикации
01 октября 2025