Сайлауды тағайындау туралы

Қарағанды қаласының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2-3) тармақшасына, 1 тармағының 4) тармақшасына, 3-1) тармағына және 101 бабының 6 тармағына сәйкес, Қарағанды қаласының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 27 тамыздағы № 9 шешімімен, бір мандатты №8, №14 сайлау округтері бойынша Қарағанды қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 2025 жылғы
26 қазанға тағайындалғандығын хабарлайды.

Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 27 тамыздан 25 қыркүйекке дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін.

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны 2025 жылдың 30 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ден кейін басталып, 2025 жылдың
25 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00 де аяқталады.

Барлық сұрақтар бойынша Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34, №209 кабинет мекенжайы бойынша хабарласуға болады. Байланыс телефоны:
8 (7212)421224.

Қарағанды қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Қарағанды қаласының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ № 9 27 тамыз 2025 ж.
Дата публикации
27 августа 2025