ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодекстің (бұдан әрі – ҚР ЭК) 58 бабының 2-тармағына сәйкес «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ «Қарағанды қаласының бас жоспары. Түзету» қала құрылысы құжатына стратегиялық экологиялық бағалау бойынша есеп (СЭБ)» (1 том, 2 том) жобалық материалдарын қарау бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, оның нәтижесінде хаттама әзірленді.
Қоғамдық тыңдаулар: 2025 жылдың 15 мамырында сағат 16:00-де, Қарағанды қаласы, Шахтерлер даңғылы, 64, «Халық ассамблеясының достық үйі» ғимараты, акт залы мекенжайы бойынша өткен.
ҚР ЭК 60 бабы 5-тармағының 1, 3 – тармақшаларына, 6-тармағының 7, 11, 12 – тармақшаларына сәйкес қоғамдық тыңдауларды өткізу хаттамасы, видео және аудиожазбасы https://ndbecology.gov.kz/ Ақпараттық жүйеде және https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-tabigat?lang=ru сайтының «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде орналасқаны туралы Қарағанды қаласының тұрғындарына хабарлайды.
Сондай-ақ, «Қарағанды қаласының бас жоспары. Түзету» қала құрылысы құжатына стратегиялық экологиялық бағалау бойынша есеп (СЭБ) (1 том, 2 том), қоғамдық тыңдауларды өткізу хаттамасы, бейне және аудиожазбасы Қарағанды қаласы әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karagandy/activities/31919?lang=ru («Қызмет» бөлімі – «Қоғамдық талқылаулар» бөлімшесі), «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-arhitektury-i-gradostroitelstva-krg/activities/13092?lang=ru («Қызмет» бөлімі – «Қала құрылысы құжаттамасы» бөлімшесі) сайттарында орналастырылған.