Азаматтарды қабылдау Орталығы өз қызметін жергілікті атқарушы органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.
Өтініш білдірген азаматтарға ыңғайлы болу үшін электрондық кезек енгізілді, күту аймақтары құрылды, әкімші жұмыс істейді, Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу үшін жеке "өзіне-өзі қызмет көрсету секторы"бар.
Азаматтарды жайлы жағдайда қабылдау орталығында:
* "е-Өтіш"АЖ арқылы кез келген мемлекеттік органға өтініш беру;
* жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, дене шынықтыру және спорт, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің өкілдерінен кеңес алу;
Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма, сағат 09.00-18.30, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30.
Орналасқан жері: Қарағанды қ., Н. Назарбаев к-сі, 39