Автомобиль жолдары

Автомобиль жолдары
Қарағанды қаласының жол желісінің жалпы ұзындығы 923 км, оның 667 км асфальт-бетонмен жабылған. 2023 жылы жүргізілген жөндеу науқанының қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 64,4%-дан 72,3%-ға дейін, ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша 79,3%-ға дейін ұлғайтылды.

2024 жылы жолдарды салу және жөндеу жұмыстарымен 128,5 км немесе 127 автомобиль жолдары учаскелерін қамту жоспарланды.

  • Құрылыс/қайта құру – 7 км;
  • Күрделі жөндеу – 9,3 км;
  • Орташа жөндеу – 115,2 км.

Құрылыс/қайта құру – 7 км.

  1. Космонавтар көшесінің автомобиль жолын қайта құру. Мердігер – «АБК-Автодор НС» ЖШС. Жобаны аяқтау мерзімі – 2025 жылдың 4-тоқсаны.
  2. Букетов көшесінің автомобиль жолын салу (Муканов көшесінен Үштөбе тас жолына дейін, сондай-ақ Приканальная көшесінен Б.Момышұлы көшесіне дейінгі учаске). Мердігер – «АБК-Автодор НС» ЖШС. Аяқтау мерзімі – 2025 жылдың 4-тоқсаны.
  3. Аралық көшелерді салу (Волочаевская және Б.Момышұлы көшелерінің арасында), 1-кезең. Мердігер – «Монолит-Дизайн-2030» ЖШС. Аяқтау мерзімі – 2025 жылдың 4-тоқсаны.
  4. Автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша қызмет көрсететін мамандандырылған орталықтың автодромын салу. Мердігер – «Ұлар МК» ЖШС. Қоршаулар мен жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жобаны аяқтау 2025 жылдың 2-тоқсанына жоспарланған.
  5. Үлкен Михайловка ауданы (Қарағанөзек станциясы) теміржолынан өтетін жаяу жүргіншілер өткелін салу. Мердігер – «Темір-Арқа» ЖШС. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
  6. Үлкен Михайловка секторындағы теміржолдан өтетін жаяу жүргіншілер өткелін салу бойынша ЖСҚ әзірлеу. Мердігер – «City Road Centre» ЖШС. Аяқтау мерзімі – 2024 жылғы желтоқсан.
  7. 35-маршруттың автожолын қайта құру бойынша ЖСҚ әзірлеу. Мердігер – «КарагандаКаздорпроект» ЖШС. Аяқтау мерзімі – 2025 жылғы ақпан.

Ағымдағы жылы жаңа жобалар бойынша сараптама қорытындылары алынды:

  1. Тәттімбет көшесінен Шығыс айналма жолына дейінгі учаскеде Мұқанов көшесінің автомобиль жолын салу;
  2. Университет көшесінің жалғасын Гапеев көшесіне шығумен салу;
  3. Приканальная көшесінің автомобиль жолын салу.
    Күнгей 1, 2, 3 ықшам аудандарында магистральдық автомобиль жолдарын салу жобасы сараптамадан өтуде.

Күрделі жөндеу – 9,3 км:

  1. Пичугин көшесінің автомобиль жолын күрделі жөндеу. Мердігер – «Агродор» ЖШС. Аяқтау мерзімі – 2025 жылдың 3-тоқсаны.
  2. Четская көшесінің автомобиль жолын күрделі жөндеу. Мердігер – «Жол жөндеу басқармасы» ЖШС. Аяқтау мерзімі – 2025 жылдың 3-тоқсаны.

Орташа жөндеу – 115,2 км.

 

 

Жолаушылар тасымалы

Қазіргі уақытта Қарағанды қаласының жолаушылар тасымалы саласында 7 автобус паркі жұмыс істейді. Қала географиясын ескере отырып, 46 қалалық және 8 қала маңындағы маршрут ұйымдастырылған, олар бойынша күн сайын 250-260 мың (жылына 83 млн) сапар жүзеге асырылады.
Күн сайын желіге шамамен 435 автобус шығады.

2023-2024 жылдары жолаушылар көлігі саласында жергілікті өндірістің барлық заманауи қауіпсіздік және жайлылық талаптарына сай келетін 153 жаңа автобус сатып алынды, бұл жаңа автобустардың үлесін 80%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Үлкен Михайловка станциясы ауданында маршрут ашылып, Пришахтинскідегі №012 маршруттың қозғалысы қалпына келтірілді.

2021 жылдың желтоқсанында «ONAY!» компаниясы іске асырған электронды төлем жүйесі ресми түрде іске қосылды. 2024 жылдың соңында 450 мыңнан астам көлік картасы пайдалануға беріліп, қолма-қол ақшасыз төлем үлесі 97%-ға жетті.

Дата публикации
31 января 2025