Қарағанды қаласы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілімен өткізілген іс-шаралар туралы

Анықтама

Қарағанды қаласы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілімен өткізілген іс-шаралар туралы

 2024 жылдың 6 айына

Қарағанды қаласы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі 5 іс-шара өткізді

 15 ақпанда аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызметкерлерді іскерлік этикет пен қызметтік мінез-құлық ережелерін сақтау, ойын орындарына баруға тыйым салу және қосымша табыс алу мәселелерімен таныстыру, сондай-ақ өзінің діни сенімін таңдау және бағынысты адамдарды діни бірлестіктердің іс- шараларына қатысуға мәжбүрлемеу мақсатында мемлекеттік органда тоқсан сайынғы іс-шаралар ұйымдастырылып осы мәселе бойынша семинар өтті.                                                                                                                                                                   

4 наурызда аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе ол тоқтатылғаннан кейін қайта кіретін азаматтарға қатысты кәсіпкерлік қызметпен айналысу және мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы шектеулердің сақталуын бақылауға алу мәселесі бойынша семинар өтті.

6 наурызда аудан әкімі аппаратында мереке күндері алдында мемлекеттік қызметкерлермен жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша семинар өтті.

 https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karagandy/press/events/details/27528?lang=ru

1 сәуірде әкім аппаратында мемлекеттік қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша семинар өтті.

20 мамырда іскерлік этикет пен қызметтік мінез-құлық ережелерін сақтау, ойын орындарына баруға тыйым салу және қосымша табыс алу бойынша семинар өтті.

 

Дата публикации
21 июня 2024