Қарағанды қаласының әкімі Е.Қ. Бөлекпаевтің 2021 жылы атқарған жұмыстары және 2022ж. арналған міндеттері туралы алық алдындағы есебі

Халықпен сындарлы кері байланыс

 

Жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі негізгі принцип «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын – жұртшылықпен сындарлы диалог жүргізуге, адамдардың мұқтаждықтарына жедел әрекет етуге, халықпен тұрақты кездесулер өткізуге дайын ашық мемлекетті сақтау болып табылады.

Есепті жылы қала басшылығымен апта сайынғы қабылдауларда 495 азамат қабылданып, бүгінгі күні азаматтардың барлық өтініштері қаралды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында әкімдіктің мемлекеттік органдары басшыларының әлеуметтік желілерде жеке парақтары бар және азаматтардың сұрақтарына шұғыл жауап береді, бұқаралық ақпарат құралдарының тікелей эфирлеріне, онлайн режиміндегі әлеуметтік желілерге тұрақты түрде қатысады.

Қала тұрғындарын толғандыратын ең маңызды мәселелер бойынша 2021 жылы 68 баспасөз-конференциялар мен брифингтер өткізілді, 514 баспасөз-хабарламалар және басқа да ақпараттық материалдар таратылды.

Қала әкімімен және екі аудан әкімдерімен тұрғындарымен 7 офлайн және әлеуметтік желілер арқылы апта сайын онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында 376 сұрақтар түсті, 80% шешілді (303 мәселе), 73 мәселе орындалу сатысында тұр.

Мәселен, келесі проблемалық мәселелер шешілді:

- К. Маркс-Магнитогорская көш., күрделі жөндеу шеңберінде Восток -5 ықшамауданының, К. Маркс-Лиговская көш., қиылыстарында бағдаршам объектілері орнатылды;

- «Көп балалы отбасылар» санаты бойынша кезекте тұрған Р.В. Гаенкоға тұрғын үй берілді;

- балалар ойын алаңдарын орнату және т.б. бойынша жұмыстар орындалды

Өткен жылы «Senim109» қызметіне қала бойынша 51,4 мыңнан астам, оның ішінде телефон арқылы 43,2 мың, әлеуметтік желілер арқылы – 5,5 мың, мобильдік қосымшалардан – 1,6 мың, портал – 688, Telegram бот – 322  өтініші түсті.

Call-орталық инспекторларымен 38 мың «жедел жауаппен» шешілді.

Бүгінгі күні өтініштердің 70%  жуығы «бірінші қоңыраудан» шешілуде.

 «Senim109» мобильдік қосымшасында тұрғындарға мектептерде сабақтардың болмауы, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің (су, электр қуаты, жылу, газ) авариялық және жоспарлы ажыратылуы, жөндеу, жол жұмыстары туралы  таңдауы бойынша хабарламалар қолжетімді:

Мемлекеттік органдармен «Senim109» платформасында Instagram онлайн режимінде мемлекеттік органдармен 27 тікелей эфирлер ұйымдастырылып өткізілді.

Instagram және Facebook онлайн форматында өтетін «Әкім сағаты» тікелей эфирінде жергілікті атқарушы органдардың атқарған жұмыстары туралы білуге және тұрғындардың қаланы дамыту жөніндегі ұсыныстарын талқылауға болады.

2021 жылдың 4-ші тоқсанында және 2022 жылдың қаңтарында «Әкім сағаты» тікелей эфирі барысында қала тұрғындарынан - 540 өтініш түсті: 308 – өтініш орындалды, 232 – орындалу барысында.

Азаматтар мәселелерінің 90% келесі мәселелерге тиесілі: ұзақ мерзімді құрылыс, тұрғын үй беру, аула аумақтарын абаттандыру, жарықтандыру, қысқы кезеңде бұл – көктайғақ, көктемгі кезеңде - су басу, ҚТҚ шығару, электронды билеттеу.

Сонымен бірге, өткен жылы қала әкімімен Сахалин, Медициналық-санитарлық аудан, Күнгей, Үлкен Михайловка, Кірпіш зауыты сияқты жеке ықшамаудандардың тұрғындарымен кездесулер өткізілді.

Кездесулердің қорытындысы бойынша 63 өтініш қабылдандып оның ішінде қазіргі күні 20 өтініш орындалды.

Осындай іс-шаралар ағымдағы жылы да жалғастырылуда.

Адамдармен осындай тікелей кездесу өткізу, азаматтардың өтініштерімен тұрақты жұмыс жасау, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу Қарағанды қаласының тұрғындарын толғандыратын негізгі проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді.

 

Жұмысқа орналастыру және азаматтардың табысын арттыру

Халықты жұмыспен қамту – қала әкімдігі қызметінің басты міндеті.

«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы белсенді іске асырылуда, оның негізгі мақсаты өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықты белсенді экономикалық қызметке барынша тарту.

«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде өткен жылы жұмыспен қамту органдарына 9 047 адам өтініш білдірді, 7 512 адам жұмысқа орналастырылды, яғни өтініш берушілердің 83%. Оның ішінде 1005 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды, соның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындары - 99 адам, қоғамдық жұмыстар – 561, жастар тәжірибесі - 315 және алғашқы жұмыс орны – 30.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды (кран машинисі, электромонтер, электргазбен дәнекерлеуші, аспаз, тігінші, тәрбиешінің көмекшісі, тігінші мамандықтары бойынша) 311 адам аяқтады, оның ішінде 256 адам жұмысқа орналастырылды.

Бизнес негіздеріне оқытуға ерекше назар аударылады – өткен жылы 200 астам адам оқытылды, олардың ішінде 31 несие алды және 119 жаңа бизнес-идеяларға грант иегерлері болды.

2021 жылдың соңына есепте тұрған жұмыссыздар саны 742 адамды құрады.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында 4 408 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Ағымдағы жылы бұл көрсеткішті ұлғайту бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады:

- жұмыссыз азаматтардың еңбек және кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында гранттар мөлшері 200-ден 400 АЕК-ке дейін;

- кәсіби және бәсекеге қабілетті жастарды қолдау және дамыту мақсатында «Жастар тәжірибесі» және «Бірінші жұмыс орны» жобалары бойынша қатысу ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін және еңбекақы мөлшері 30 АЕК-ке дейін;

- ұлттық және мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын іске асыру шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру арқылы тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесі.

Қарастырылған индикаторлар шеңберінде ағымдағы жылы 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

2021 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй беру, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жастарды жұмысқа орналастыруда қолдау және гранттар беру және т.б. бойынша басым және нақты қолдау көрсетілді.

Қала тұрғындарының орташа айлық жалақысы 17% өсіп, 210 204 теңгеге жетті. 2021 жылы қаланың ірі және орта кәсіпорындары қызметкерлердің жалақысын орта есеппен 17%-ға арттырды. Бұл қаланың 67 мың тұрғынына ықпал етті. Сонымен қатар, үш жылдық кезеңде бюджеттік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңмен 25%-ға дейін ұлғайту көзделген.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында азаматтық қызметшілердің жалақысы орта есеппен 20%-ға ұлғайтылатын болады. Бұл - мәдениет саласының қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, жүргізушілер және басқалар.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі 13,7%-ға артты. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың үлесі 24,2%-ға азайды.

Халықтың табысын арттыру бойынша жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 41,2%-ға өсті (42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін).

 

 Өнеркәсіп

2021 жылы жаңа өндірістерді іске қосу және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту есебінен өткен жылға 42,4% өсіммен біздің қаланың кәсіпорындары 624,6 млрд.теңге сомаға өнім өндірді.

Тау-кен өндіру саласында көмір өндіру көлемін 47,5% және «Гефест» КТ кәсіпорындары бойынша және Костенко атындағы шахтада 3 есе қызмет көрсету есебінен ұлғайту қамтамасыз етілді.

Өңдеу өнеркәсібінде өсім 13,2%  (473,1 млрд. теңге) құрады, ол «YDD Corporation» ЖШС, «QazCarbon» ЖШС, «FLSmidth» ЖШС, «ПИК «Ютария ЛТД» ЖШС, «Трубпром» ЖШС ірі кәсіпорындарының өндіріс көлемінің өсуі есебінен қамтамасыз етілді.

Есепті жылдың көрсеткіштерін талдай отырып, ағымдағы жылға арналған негізгі индикаторлар бойынша жоспарлар құрылды.

Өнеркәсіп көлемі 650 млрд. теңге деңгейінде күтілуде.

         Бұл жерде жаңа өндірістерді іске қосу және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту жоспарлануда: «YDD Corporation» ЖШС №4 пешін, «Борусан Макина Қазақстан» ЖШС, КазКарбон ЖШС жаңа сервистік орталықты іске қосу; ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі бойынша зауыт – «Нәтиже Тәтті» ЖШС және т. б. салу.

         Сондай-ақ, өңір экономикасының өсуі үшін жергілікті атқарушы органдар жұмысының басты басымдықтарының бірі инвестициялар тарту болып табылады.

         2021 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасына 9,7% өсіммен 209,2 млрд.теңге инвестиция тартылды.

         Бұл ретте тартылған қаражаттың шамамен 65% жеке сектор субъектілерінің өз қаражаты болып табылады, инвестициялардың 10% шетелдік болып табылады.

         Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі: «QazCarbon» ЖШС, «Фореверфлоуришинг» ЖШС, «Евразиан Фудс» АҚ және ШОБ объектілерін ірі жобаларын іске асыру есебінен қамтамасыз етілді.

         Аталған жобаларды енгізу нәтижесінде қалада қосымша 400 астам жұмыс орны құрылды.

         2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін 219 млрд.теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.

 

Кәсіпкерлікті дамыту

         Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік аспектілерге баса назар аудара отырып, бизнесті қолдаудың жаңа нысандарын белсенді енгізуді тапсырды.

         Бұл салада 2021 жылы келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

         - жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,2%  артып, 45 мың бірлікке жетті;

         - ШОБ саласында жұмыспен қамтылған халықты қамту 128,8 мың адамды құрады;

         - 15,7% өсіммен 826,5 млрд. теңгеге өнім шығарылды.

         2021 жылы– «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау бойынша 2004 ШОБ субъектісі рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді, оның ішінде:

         - кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау 71,5 млрд. теңге сомаға 1 398 жоба;

         – кредит бойынша міндеттемелерді орындауды ішінара кепілдендіру - 13 млрд. теңге сомасына 606 жоба;

         - 24,9 млн. теңге сомадағы 5 жобаға гранттар берілді.

         Негізінен жобалар өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, көлік және қоймалау, құрылыс, денсаулық сақтау, туризм және білім беру салаларында іске асырылады.

         2021 жылдың қорытындысы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 21,4 млрд.теңге сомаға 19 жоба мақұлданды.

         Жалпы, өткен жылы қалада құны 9,5 млрд. теңге және 750 жұмыс орнын құрумен 90 ШОБ объектілері ашылды («МcDonald’s», Отау ТК, КераммаМарацци СҮ, «Астер» автоорталығы, «Пирс» демалыс аймағы, Байқоңыр балалар ойын – сауық орталығы және т.б.).

         Артық әкімшілік кедергілерді жою және іскерлік ахуалды жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

         Шағын және орта бизнес субъектілерінің кәсіпкерлік қызметін кедергісіз дамыту және жүзеге асыру шеңберінде 2021 жылы 16 қала құрылысы жобасына (егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы) өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілді, сондай-ақ «Жаңа аудан» ықшамауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді.

         Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру мақсатында 2021 жылы аукцион арқылы 23 жер учаскесі сатылды.

2022 жылы жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің санын 46 мың бірлікке дейін жеткізу, ЖӨӨ-дегі ШОБ үлесін 50%-ға дейін жеткізу, жұмыс істеп тұрған субъектілерде жұмыспен қамтылғандар санын 130 мың адамға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Сауда және қызмет көрсету саласында 10 млрд. теңгеден астам сомаға 741 жұмыс орнын құра отырып, 100 жаңа объект ашылатын болады. Олар: «Технодом» СҮ, «Корзина» СҮ, «Гүлжан» супермаркеті, Sky Plaza СҮ және т. б.

 

Құрылыс

Халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторы қолжетімді бағамен сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады.

2021 жылдың қорытындылары бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 147,7 млрд. теңгені құрай отырып, 2020 жылдың деңгейіне 49,3% артты. 412 мың ш.м. астам тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім – 127,8%), оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 3,4% (13,9 мың ш.м.), жеке тұрғын үй құрылысы 16% (65,9 мың ш.м.), коммерциялық тұрғын үй 80,6% (332,4 мың ш.м.).

2021 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 4 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде 281-і жеке құрылыс салушылар.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, «Б. Әшімов» ықшамауданында көп пәтерлі тұрғын үйлер пайдалануға берілді - бірінші үйдің №5 блогы, үшінші үйдің №1 блогы және «Трилистник» тұрғын үй кешенінің №4, №7, №8 үйлері. Пайдалануға берілген объектілердің жалпы ауданы 42 мың шаршы метрден асады, пәтерлер саны - 768.

2021 жылдың қорытындысы бойынша кезек тәртібімен «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 700-ден астам отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде: №7 «Трилистник» тұрғын үй кешенінде 192 кезекте тұрғандар, 14  ықшамауданында 130 кезекте тұрғандар, 150 азамат «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша, 123 азамат «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алды, 100-ге жуық көп балалы отбасына сатып алу құқығынсыз тұрғын үй берілді, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан «Жетім балалар» санаты бойынша тіркеуде тұрған азаматтарға 9 пәтер берілді.

2021 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде көп балалы, толық емес отбасыларға және «ҚТҚЖБ» АҚ қарыздарының мақұлдауын алған мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасыларға бастапқы жарнаны жабу үшін 149,8 млн теңге сомасына 153 тұрғын үй сертификаты берілді.

Ағымдағы жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды өткізе отырып және аумақтарды абаттандырып, «Б. Әшімов» ықшамауданындағы 3-ші үйдің 2-ші блок-секциясының 14 ықшамауданындағы 3 бес қабатты тұрғын үй, Ә. Бөкейхан ауданы Белинский көшесіндегі 9 қабатты тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарланған. Пәтерлердің жалпы саны – 252 құрайды.

Сондай-ақ Чапаев көшесі бойында 108 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысын салу бойынша жобаны іске асыру басталады.

Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар мен «Отбасы банк» салымшыларының санының ұлғаюына байланысты, келесі жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде: Оңтүстік-Батыс ықшамауданында 8 ірі панельді тұрғын үй, Оңтүстік-Шығыстың 30 ықшамауданында 3 көп пәтерлі үй, Майқұдықтың 14 ықшамауданында 4 тұрғын үй және Пришахтинскіде бес қабатты үй салу. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін жобаларды іске асыру басталады.

         Ағымдағы жылы «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» бағдарламаларына қатысу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттарын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бағдарламаларға қатысу үшін жолдамаларды берудің басталғаны туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Бұдан басқа, қалада құрылыс салушылармен коммерциялық тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Олар: «Атамекен» ТК, «Заман» ТК, «Жаңа Сарыарқа» ТК, «Еңбек» ТК, «Абай Парк» ТК, «Inju City» ТК.

42 іскерлік құрылыс объектілерін салу және уақытылы тапсыруға жеке мониторинг жүргізілуде сондай-ақ олардың жүзеге асырылу заңдылығы бойынша халықты ақпараттандыру жүйелі түрде жүргізіледі.

         Жалпы, ағымдағы жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 446 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді немесе 4,5 мыңға жуық пәтерді пайдалануға беру, құрылыс жұмыстарының көлемін 150 млрд.теңге деңгейіне дейін жеткізу жоспарланған.

 

Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық

Сонымен қатар, жаңа тұрғын үй салумен бірге қолда бар тұрғын үй қорын сақтау да маңызды. Қалада басқарудың әртүрлі нысандарымен 2649 көп қабатты тұрғын үй бар, бүгінгі күні басқарудың 2139 жаңа нысаны құрылды, бұл - 2113 қарапайым серіктестік (ҚС) және мүлік иелерінің 26 бірлестігі (МИБ), бұл – 82,5% - ды құрайды.

Басқарудың жаңа нысанына көшу тәртібі бойынша заң көмегін және сүйемелдеуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығы базасында МИБ қолдау орталығының жұмысы басталды, онда тұрғындар 8(7212) 91-00-57, call centr: 87785085908 телефондары бойынша МИБ және ҚС туындаған мәселелер бойынша қажетті заңгерлік кеңесті алады.

Заңнамаға сәйкес басқарудың ескі нысандары өз қызметін 2022 жылы 1 шілдеден бастап қана іске асыра алады.

Кондоминиум объектісіне қызмет көрсету бойынша шығындарды қалыптастырудың бірыңғай тәсілдерін белгілеу мақсатында 2021 жылы қала бойынша кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқаруға және күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең төменгі мөлшерінің есебі жүргізілді және Қарағанды қалалық мәслихатының сессиясында бекітілді.

Бұдан басқа, Қарағанды қаласында барлығы 1231 лифт бар, оның ішінде бүгінгі күні 635 лифт 25 жылдан астам нормативтік пайдалану мерзімінен асып кеткен, соның ішінде 114 лифт жұмыс істемейді.

Өткен жылы келісімшарттарды есепке ала отырып, 13 лифт орнатылды, 24 лифт бойынша құжаттар «Қарағанды облысының ТКШ жаңғырту орталығы» ЖШС-не тапсырылды. Аталған жұмыс ағымдағы жылы жиналыстарды өткізумен және кондоминиум объектілерінің техникалық жағдайы актілерін жасаумен жалғастырылуда.

 

Электрмен жабдықтау

Энергия объектілерінің тозуын төмендету мақсатында жөндеу қорының шеңберінде 2021 жылы 146 км электр беру желілеріне және 153 қосалқы станцияларға жөндеу жүргізілді.

«Күнгей» ықшамауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін 299 учаскеге электрмен жабдықтау желілерін өткізу аяқталды, жобаланатын құрылыс салуды кеңейтуді ескере отырып, ағымдағы жылы осы ықшамауданында электр желілерін жүргізудің 2-3 кезегін іске асыру аяқталады. Бұл тағы да 3,4 мыңнан астам үй.

Сумен жабдықтау

Қала бойынша халықты орталық сумен қамтамасыз ету 98,7% құрайды. 2021 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту шеңберінде барлығы 3 жоба іске асырылды.

Пришахтинск ықшамауданының 29 км кварталішілік су құбыры желілерінің құрылысы бойынша жоба аяқталып, осы сектордың 40 мың адамын сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сұрыптау секторының су құбыры желілерінің құрылысы бойынша жобаны іске асыру басталды. Жұмыстар 6 көшеде жүргізілді: Лермонтов көшесі, Новая, Рабочая, Мозаичная және Уран тұйық көшесі, 15,8 км жоспар бойынша 10,8 км су құбыры желілері салынды, 40 үйге сумен жабдықтау жүргізілді. 2022 жылға ауысатын нысан.

Жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже - Сұрыптау секторы Жұмысшы кентінің 291 үйінің тұрғындарын немесе 873 адамды сапалы сумен қамтамасыз ету.

Сондай-ақ, Солнечная көшесінен «Западная» сорғы станциясына дейінгі магистральдық су құбырының қанағаттанарлықсыз жағдайына байланысты су тартқышты толық қайта жаңарту жүргізілді. Бұл апат қаупін азайтып, жаңа қаланың, Михайловка, Михайловка станциялары мен Ақтас кентінің тұрғындары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарына сумен жабдықтау қызметтерінің сапасын жақсартады.

Су бұру проблемалары бар аудандарда орталықтандырылған жүйеге қосу үшін канализация желілерін салу жөніндегі жұмыстар жүргізілді, атап айтсақ Бабушкин, Лужниковская, Ужгородская, Коммунистическая көшелері - Лиговская көшесінен Каретная көшесіне дейінгі тұрғын үйлер.

«Қарағанды Су» ЖШС инвестициялық бағдарламасы шеңберінде Шахтинская көш., ұзындығы 1,4 км су құбырлары ауыстырылды, сондай-ақ инвестициялық бағдарлама шеңберінде 20 км – су құбыры және 3 км – канализация жөнделді.

Ағымдағы жылы инвестициялық бағдарлама шеңберінде Саранская көш., ұзындығы 1,6 км, Манежная көш., ұзындығы 0,8 км су құбырының желілерін ауыстыру жоспарланып отыр.

Сонымен бірге «Оазис» ықшамауданына сумен жабдықтау және су бұрудың сыртқы  желілерінің құрылысын салуға, Үлкен Михайловка станциясына су құбыры желілерін салуға бюджеттік қаражат қарастырылған.

Сонымен қатар ашық тәсілмен ұзындығы 12 км нөсер канализациясын, Гоголь көшесінен Мраморный тұйық көшесіне дейінгі жеке тұрғын үйлердің сыртқы канализация желілерін, бойынша бірқатар жобалар әзірленуде.

Жылумен жабдықтау

Жылу шығындарын төмендету және жылумен жабдықтауды жақсарту мақсатында 2021 жылы Сұрыптау секторының жылу желілерінің құбырларында ұзындығы 16,6 км (жоба бойынша жалпы ұзындығы - 76,2 км) оқшаулауды жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылы тағы 15 км жуықты қамту жоспарлануда.

№104 ОМ жылумен жабдықтауға қосу үшін «30 ықшамауданының білім беру объектілерін қосу үшін жылу желілерін реконструкциялау» жобасы бойынша жұмыстар басталды. Бүгінгі күні құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, 1,1 км желі қайта жаңартылды, сондай-ақ аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталды.

Сонымен қатар, 110/10 кВ «Центр» қосалқы станциясынан 5А (ұзындығы 810 М) сорғы станциясына дейін 10 кВ кабель желісін салу жобасы іске асырылды.

Құрылыс қарқынының өсуіне және өсіп келе жатқан тұрғын үй массивтеріне байланысты Оңтүстік-Шығыс секторының тұрғындарын үздіксіз және сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін жылу қуатының жетіспеушілігі пайда болды.

Жылумен жабдықтау проблемаларының туындауын болдырмау үшін ұзындығы 20 км ЖЭО-3-тен магистральдық жылу желісін салу бойынша жобаны іске асыру басталды. Бүгінгі күні 4,5 км төселді. Ағымдағы жылы 5 км жылу желісін және 4 сорғы станциясын салу жоспарлануда.

Шахтерский кентінің тұрғын үйлерін орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосудың жоқтығына байланысты мәселені шешу үшін ағымдағы жылы сорғы станциясы бар жылу желілерін салу бойынша жоба іске асырылатын болады, сондай-ақ «Таугүл» ықшамауданына жылу желілерін және сорғы станциясын салу жоспарланған.

Газбен жабдықтау

Қаланың ірі имидждік жобасы газ тарату желілерінің құрылысын салу болып табылады.

Өткен жылдың қараша айында Михайловка секторындағы 1-ші іске қосу кешенінің 1-ші кезегі 58 көшедегі 1584 тұрғын үйге іске қосылды, онда 64 км-ден астам желі салынды.

Бүгінгі күні орталық газдандыруға 64 үй қосылған, 120 үйге техникалық шарттар берілген.

4 мыңнан астам тұрғын үйді қосумен 2-3-ші іске қосу кешендерінің 1-ші кезегінің құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ, 4,5,6 іске қосу кешендерінің 1-ші кезегінің және 1 іске қосу кешенінің 2-ші кезегінің жұмыс құжаттамасын әзірлеу жүргізілуде.

Мұнда жобамен келесі секторлардағы тұрғын үйлер мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды қамту қарастырылған: Большая Михайловка станциясы, Новоузенка, медсанбөлім ауданы және ЖБИ, ықшауд., Қалалық әуежай, Майқұдық, Таугүл және Күнгей ықшамаудандары.

 

Көлік инфрақұрылымын дамыту

Біздің қаламыздың автомобиль жолдарының сапасы және қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету халық талқылайтын және ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

 2021 жылы қаланың автожол саласын дамытуға 13,2 млрд теңге қарастырылған, оның есебінен 38,5 км жол жөнделді.

Қарағанды қаласының Бас жоспарын іске асыру шеңберінде өткен жылы Дүйсембеков көш., (Волочаевская) автомобиль жолын салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру аяқталды.

14 ықшауд., автостанциясынан бастап «Шығыс айналып өту жолы» республикалық маңызы бар а/ж дейін ұзындығы 5,4 км автомобиль жолын, Сұрыптау секторының айналып өтетін автомобиль жолын салу бойынша жұмыс аяқталды.

Сонымен бірге, К. Маркс-Магнитогороская көш., автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жалғастырылды, 10 км жол жөнделді, сондай-ақ 8 км 7-ші магистраль автомобиль жолы жөнделді, үздіксіз жүріп өтуді қамтамасыз ету бойынша негізгі жұмыстар аяқталды.

Қосымша орташа жөндеу жұмыстарымен жалпы ұзындығы 20,6 км автомобиль жолдарының 14 учаскесі қамтылды.

Ағымдағы жылы бөлінген қаражат шеңберінде қаланың орталық артериялары болып табылатын К.Маркс – Магнитогорская және 7-ші магистраль көшелеріндегі автомобиль жолдарын күрделі жөндеу бойынша өтпелі жобаларды толық көлемде аяқтау жоспарлануда.

Қосымша ұзындығы 26,2 км автомобиль жолдарын орташа жөндеумен 24 учаске қамтылатын болады.

Сондай-ақ, бүгінгі күні қаланың автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу бойынша 11 жоба әзірленуде:

-Мұқанов көшесі бойындағы автомобиль жолының құрылысы (Тәттімбет көш., бастап Восток-5 ықшауд. дейін);) - 6 км, Приканальная көш., (Тәттімбет көш., бастап М-14 дейін) - 1 км, Бөкетов көш., (Мұқанов көш., бастап Үштөбе кентінің автожолына дейін) - 2 км;

- Лиговская көш., бойынша «Майқұдық – Жаңа Қарағанды» теміржол желісі арқылы 1,2 км жаяу жүргіншілер жол өткізгіш, Большая Михайловка ст. т/ж арқылы жаяу жүргіншілер жолөткізгіш салу;

 – Космонавттар көш., бойынша 3,9 км автомобиль жолын, Тәттімбет-Шахтерлер қиылысын қайта жаңарту-1,5 км.;

– Четская көш., бойынша автомобиль жолын күрделі жөндеу – 4,53 км. және Пичугин көш.,- 4,87 км., «Архитектурный» жолөтпесі-1,2 км. және «Көлік цехы» – 0,6 км автомобиль жолын күрделі жөндеу;

Жүргізілген жөндеу жұмыстары жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 2025 жылға қарай 61,9-дан 75% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Жыл ішінде жаңа жобаларды іске асыру мәселелерімен қосымша жұмыс жасалатын болады.

Қоғамдық көлікке келетін болсақ, бүгінде қала бойынша 540 автобуспен 54 маршрут бойынша 6 автотасымалдаушы жұмыс істейді, 340 автобустың күнделікті желіге шығуын қамтамасыз етеді.

2021 жылы жолаушыларды қауіпсіз және қолайлы тасымалдаудың барлық заманауи талаптарына сәйкес келетін жергілікті өндірістің жаңа 40 автобусы сатып алынды. Бұл жұмыс ағымдағы жылы да жалғасатын болады.

Желтоқсан айында "Алматы қ. транспорттық холдингі" ЖШС компаниясы жүзеге асыратын ONAY! жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі ресми түрде іске қосылды. Бүгінгі күні 166 мыңнан астам көлік картасы іске асырылып, ал қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 50% дейін өсті.

2021 жылы Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 4 бағдаршам объектісін, 1236 жол белгісін, 4 «Белсенді жаяу жүргіншілер өткелі» кешенін, 5 жаяу жүргіншілердің көтеріңкі өткелін орнату және көлемі 86 мың шаршы метр жол таңбасын салу бойынша жұмыстар жүргізілді.  2021 жылы ЖКО санының өткен жылмен салыстырғанда 25% - ға төмендеуі тіркелді.

Осыған ұқсас жұмыстар ағымдағы жылы да жүргізілетін болады, атап айтқанда, 11 бағдаршам кешенін орнату, 3 қауіпсіздік аралын жабдықтау, 15 көтеріңкі жаяу жүргіншілер өткелін орнату, 25 жасанды жол кедергісін жайластыру және ITS-пен қозғалысты басқару орталығының аппараттық-бағдарламалық кешенін (АБК) сатып алу.

 

Қолайлы өмір сүру ортасы

Қаланың сыртқы келбетін жақсарту мақсатында абаттандыру және көгалдандыру, шағын сәулет нысандарын жаңарту, қаланы безендіру, сыртқы жарықтарды қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жыл сайын орындалады.

«Халықтық бюджетке қатысу» пилоттық жобасы шеңберінде 2021 жылы Әлихан Бөкейхан ауданын абаттандырудың 7 жобасы іске асырылды. Бұл - балалар ойын алаңдарын абаттандыру: «Менің ауламдағы бақытты балалық шағым» Л. Чайкина көш., 109, «Қарағанды EXPO», «Балаларға арналған спорт Сұрыптау секторының Жұмысшы кенті, «Балалардың қуанышы - ата-аналардың тыныштығы», Ударная көшесі, Орынбор көшесінің қиылысы, «Жайлы аула», Павленко көш., 42-44, «Менің бақытты балалық шағым» футбол алаңын абаттандыру 19 ықшамаудан, 72-75 үй,   «Таза қала» аумақтарды тазалау шеңберінде рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою жұмыстары жүргізілді.

Осы жылға аталған жоба шеңберінде жалпы қала бойынша жалпы сомасы 119,5 млн. теңгеге 11 жобаны іске касыру жоспарланған.

2021 жылы 18 футбол алаңдарын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді, олардың көп бөлігі аула клубтары бар аула аумақтарында орналастырылған.

103 аула аумағында балалар ойын алаңдары орнатылды, тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, 8 элементтен тұратын балалар ойын алаңдарының көлемі 100 - ден 300 м3-ге дейін ұлғайтылды, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған тренажерлер қосылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҰОС қаза тапқан жауынгер-мұғалімдерге арналған Әскери Даңқ Обелискісін және ЖБИ кенті Цементная көшесіндегі Әскери Даңқ Обелискісін қайта жаңарту жүргізілді. А. Пархоменконың бюстін тиісті қалыпқа келтіру бойынша жұмыс жүргізілді.

Көктем-күзгі кезеңде жалпы 6477 бірліктен астам қарағай, қайың, терек, сирень, алма және шетен көшеттері отырғызылды.

Ағымдағы жылы 42 балалар ойын алаңы мен 10 футбол алаңын абаттандыру, сондай-ақ 24 аула аумағын абаттандыру жоспарлануда.

Сонымен бірге, Майқұдық саябағын және Сары-Арқа даңғ., гүлзарды абаттандыру бойынша маңызды жобалар бар, Бұқар жырау даңғылын кешенді абаттандыру және ОӘД және КМС 2 жер асты өткелін күрделі жөндеу бойынша жобалар әзірленді.

Ағымдағы жылы Оңтүстік-Шығыстағы Жеңіс саябағын абаттандыруды және Орталық саябақты абаттандыруды жалғастыруды жоспарлап отырмыз.

 

         2021 жылы қаланы жарықтандыруға қатысты 1060 жарық нүктелері қалпына келтіріліп, ДРЛ-ден LED 2594 данаға ауыстырылды, мәселен: Н. Әбдіров, М. Момышұлы, Республика, Бұқар жырау даңғылы, Н. Назарбаев даңғылы, Б. Әшімов көш., Сарыарқа көш., Грибоедов көш., Западная көш., Аманжолов көш., Московская көш., Горноспасательная көш., Тәттімбет көш., Космонавттар көш., Язев көш., Мұқанов көш., Төлепов көш., Петровский көш.

         Қазыбек би атындағы аудан бойынша барлығы 311 аула аумағы (71%) жарықтандырылған, тағы 127 аула аумағын (29%) қамту жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады.

Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша аула аумақтарындағы 284 жарық тіректерін және ауданның автомобиль жолдары бойындағы 5133 жарық тіректерін күтіп ұстау, қалпына келтіру, ауыстыру, жуу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылы аула аумақтарында және мектептер маңына 465 жарық тіректерін орнату, сондай-ақ 3 - 4 мың дана жарық диодты лампаларды ауыстыру жоспарланып отыр.

Өткен жылы жалпы ауданы 12500 м2 кварталішілік кіру жолдарын асфальттау жөніндегі жұмыстар жүргізілді.

Қазыбек би атындағы ауданында «Елді мекендерді абатандыру және көгалдандыру» бағдарламасы шеңберінде Шахтерлер даңғ., 31, 31а үй,  Тәттімбета көш., 5/2, Бұқар жырау даңғ., 28, Ермеков көш., 124, Республика даңғ., (аркалар), Құрылысшылар даңғ., 31, ҚЖМ автотұрақ мекенжайлары бойынша кварталішілік кіру жолдарын асфальттау жөніндегі жұмыстар жүргізілді.

Әлихан Бөкейхан ауданында Мурманская көш., бойынша кварталішілік жолдарды абаттандыру жөніндегі жұмыстар жүргізілді.

Қалада қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша 3 коммуналдық кәсіпорын қызмет көрсетеді: «Қарағанды қаласының ГорКомТранс» ЖШС, «Эко Алем Казахстан» ЖШС, «Ресайклинг ТК» ЖШС. Күн сайын жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен бірлесіп шығару бойынша бақылау жүргізіледі. Коммуналдық кәсіпорындардың жұмысын жақсарту мақсатында қоқыс шығаратын 5 арнайы машина сатып алынды.

 

Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекет тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын цифрландыру уақыт талабы және біздің алдымызда тұрған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.     Қарағанды қаласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 58, оның ішінде «Оpen Кaraganda» фронт-офис арқылы - 21 (36,2%) қызмет ұсынылады. Мемлекеттік қызмет түрлерінің 76% электронды форматқа көшірілді. 2022 жылы көрсеткішті 80% - ға жеткізу жоспарлануда.

Бүгінгі күні балабақшаларда, мектептерде, колледждер мен ауруханаларда өтінімдерді қабылдаудан бастап жолдамаларды беруге дейінгі барлық іс-қимылдарды есепке алу толық автоматтандырылған.

Мәселен, балабақшаға тіркелу және кезекке тұру бойынша мемлекеттік қызметтер indigo.kargoo.e-orda.kz, жүйесі арқылы, қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет https://mindal-kargoo.e-orda.kz/ru. порталы арқылы іске асырылады.

         Халықты электрондық форматта қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету үшін қала аудандарында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді.

Қалалық ортаға қатысты өтініштерді, шағымдар мен ұсыныстарды қабылдау мақсатында - ТКШ, абаттандыру, жолдардың жағдайы жөнінде 109 нөмірі бойынша senim109.kz сайты жұмыс істейді

         «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2021 жылы «Е-өтініш» ақпараттық жүйесін дамыту бойынша жұмыс енгізілді және жүргізілуде.

         Өткен жылы қоғамдық көліктерде электронды билеттеу жүйесі іске қосылды.

         Бұдан басқа, 2021 жылы Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы бағдарламасы шеңберінде 150 дана көлемінде деректерді қашықтықтан берумен жалпы үйге арналған сумен жабдықтауды есепке алу аспаптары (СЕА) орнатылды.

 

Халықты әлеуметтік қорғау

Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде 2021 жылы азаматтардың жекелеген санаттарына 4 млрд. теңгеден астам сомаға 52 мыңға жуық төлем жүргізілді және әлеуметтік қолдау көрсетілді.

2041 бала тәрбиеленетін 2405 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй жәрдемақысы көрсетілді.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 11 мыңнан астам адам оңалтудың техникалық құралдарын, 2624 адам шипажай-курорттық, оның ішінде 1 топтағы ерекше қажеттілігі бар адамдармен еріп жүргені үшін 138 адам шипажайда ем алды.

27 мыңнан астам азамат мерекелік және атаулы күндерге бір реттік төлемдер алды.

26 550 азамат қоғамдық көлікте тегін жүрумен қамтамасыз етілді.          Барлық белгіленген әлеуметтік қолдау шаралары ағымдағы жылы жалғасатын болады.

Сондай-ақ, азаматтарды әлеуметтік қолдау аясында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ашу жоспарлануда.

 

Білім

Бұл салада нақты міндет – білім беру сапасын арттыру қойылған.          Қарағанды қаласы бойынша білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қойылған мәселелер мен міндеттерді үйлестіру сақталған.

Қарағанды қаласында барлығы мемлекеттік білім беру ұйымдары – 134, оның ішінде: мектептер - 81, балабақшалар – 42, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті - 1, қосымша білім беру ұйымдары – 11, жеке ұйымдар – 62.

Мектепке дейінгі ұйымдар – 115, оның ішінде жеке меншік – 57, оның ішінде мемлекеттік тапсырыспен – 55, мемлекеттік – 58, оның ішінде: балабақшалар – 42, мектептер жанындағы шағын орталықтар -14 (барлығы толық күн болумен), «мектеп-бөбекжай» кешендері - 2 (Б. Момышұлы атындағы және №33).

3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамтылған және 16434 баланы құрайды, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 23676 баланың 18515-і немесе 78% мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.         Кезектілік мәселесі жеке балабақшалар ашу және оларға мемлекеттік тапсырыс орналастыру есебінен шешілуде

Мектепке дейінгі ұйымдарда атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалардың тамақтануына 70% жеңілдік төлеу мәселесі шешілді.

Сондай-ақ, көп балалы отбасылардан шыққан 1325 балаға мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтану шығындарының 50% мөлшерінде (бір балаға айына 7000 теңге) төлем жүргізіледі.

Қарағанды қаласының 26 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында нормотиптік дамушы балаларды және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды, оның ішінде мүгедек балаларды бірлесіп тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасалған. 18 мектепке дейінгі ұйымдарда 70 мамандандырылған топ бар, оларда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 890 бала шұғылданады. 8 балабақшада 17 инклюзивті топ жұмыс істейді, оның ішінде 180 бала бар.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың кезектілігін қысқарту үшін мемлекеттік тапсырысы бар жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда арнайы топтар ашылды. «Колобок» жеке меншік балабақшасында сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған үш арнайы топ ашылды, мемлекеттік тапсырыс мөлшері айына бір балаға 65 242 теңгені құрайды.

         Орта білімнің қолжетімділігін әртүрлі типтегі және түрдегі жалпы білім беретін мектептердің дамыған желісі қамтамасыз етеді. Қаладағы барлық мектептер - 89, оның ішінде:

         жеке меншік -8, онда 1216 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылған;

         мемлекеттік – 81 (орта -61, негізгі -19), оның ішінде инновациялық – 19, мектеп-интернаттар– 3 (№ 4, 22, 68), кешкі – 1 (№ 100).

         Күндізгі мектептерде 2021-2022 оқу жылында 1-11 сыныптардың 71042 оқушысы, мектепалды даярлық сыныптарында 1631 оқушы оқиды.

          Оқу жылының басында 2 үш ауысымды мектеп бар. Бұл -Магнитогорская көшесі, 43 мекенжайындағы № 95 мектеп-гимназиясы, жобалық қуаттылығы - 920, оқушылар саны -1263 немесе 140%, Гүлдер 1 ықшамауданындағы №101 мектеп-лицей, жобалық қуаты 1290, оқушылар саны 2777 немесе 215%.

12 мектеп өз нормасынан асқан (23, 25, 32, 53, 54, 61, 65, 77, 93, 95, 101, 102).

Аталған мәселені шешу үшін ағымдағы жылы 11а шағын ауданында 600 орындық мектептің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз, оны пайдалануға беру есебінен № 61, 65, 53, 54 және 95 мектептерде балалар саны қалпына келетін болады. Күнгей, Таугүл ықшамаудандарында мектеп құрылысын салу және №101 орта мектепке жапсаржай салу жоспарланған. 17 мектептің күрделі жөндеуіне облыстық бюджеттен 788 млн.теңге бөлінді.

2021-2022 оқу жылында 63 білім беру ұйымында инклюзивті сыныптар ашылды, бұл білім беру ұйымдарының жалпы санының 78% құрайды, ол  504 сынып – ондағы оқушылар жиынтығы 644.

ПМПК қорытындысына сәйкес 2021-2022 оқу жылында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушылар үшін педагог-ассистенттердің қосымша 15 ставкасы бөлінеді, қала бойынша барлығы 49 педагог-ассистент жұмыс істейтін болады (9 педагог-ассистентке ұлғайды).

Тегін ыстық тамақпен 35090 оқушы қамтылған. Оның ішінде:

32386 1-4 сынып оқушылары;

жалпы оқыту қоры есебінен - 2547 оқушы;

демеушілер (жалға алушылар) есебінен - 157 оқушы.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан 1597 балаға жалпы білім беру қорынан киім және кеңсе тауарлары сатып алынды (бір балаға 25000 теңгеден).

Қала сыртындағы «Салют» лагерінде («№2 Өнер мектебі» КМҚК құрылымдық бөлімшесі) жыл сайын бюджет есебінен аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 1400 оқушы демалады.

Қосымша білім беруге келетін болсақ, қала бойынша қосымша білім беру ұйымдары – 16, оның ішінде мемлекеттік – 11 және жеке меншік – 5.   2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Оңтүстік-Шығыста 5692 адамды қамтитын жаңа Оқушылар сарайы жұмыс істейді.

Қосымша білім беру ұйымдарында және мектеп үйірмелері мен секцияларында қосымша білім берумен қамту 85% (60520 оқушы) құрайды.

Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Жол картасын орындау шеңберінде барлық мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда бейнебақылау жүйесі орнатылып, жұмыс істейді, 63 мектепте турникеттер, 81 мектепте және 42 мектепке дейінгі ұйымда, 5 мектептен тыс ұйымда дауыстық хабарлау жүйесі орнатылған.

Жалпы білім беретін мектептерде 7252 педагог жұмыс істейді, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда – 1242, мектептерде – 5531, қосымша білім беру ұйымдарында – 509.

Жоғары білімді педагогтер – 6046, магистр дәрежесі бар педагогтер-341, педагогика ғылымдарының кандидаттары – 2.

         Жоғары және бірінші санатты 1416 адам, 3531 педагог жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан өтті және 954 педагог-модератор, 980 педагог - сарапшы, 1579 педагог-зерттеуші, 18 педагог - шебер біліктілік санатына ие. Жас мамандар саны-108.

Денсаулық сақтауды дамыту

Денсаулық сақтау объектілерінің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде «Степной-2» ықшамауданында және Республика даңғылында 2 емхана ашылды.

Пришахтинск секторындағы «Облыстық клиникалық аурухана» КМК жанындағы перинаталдық орталыққа күрделі жөндеу жүргізілді.

2020-2022 жылдары «Қарағанды қаласының № 4 емханасы» КМК үшін ультрадыбыстық диагностикалық жүйе, флюорография мүмкіндігі бар цифрлық рентген-аппарат, керек-жарақтары бар иілгіш эндоскоптарды дезинфекциялау және стерильдеуді автоматты жуу қондырғысы, артериялық қысымды тәуліктік мониторлауға арналған аппарат сатып алынды.

         Ауданы 1300 шаршы метрден асатын жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының құрылысы аяқталды. Жаңа ғимаратта 146 адам, 11 көшпелі бригада жұмыс істейді. Олар жылына 25-тен 50 мыңға дейін қоңырауға қызмет көрсете алады. Қазіргі уақытта Пришахтинск және Сұрыптау тұрғындарына қызмет көрсету үшін қосалқы станцияның құрылысы аяқталуда.

         2022 жылы «Қарағанды қаласының №1 Көпбейінді ауруханасы» КМК үшін бейнеэндоскопиялық кешенді, «Қарағанды қаласының №4 емханасы» КМК үшін жиынтықта бейне колоноскоппен және бейнегастроскоппен бейнеэндоскопиялық жүйені сатып алу жоспарлануда.

         200 төсектік облыстық көп бейінді балалар ауруханасының құрылысы жүргізілуде, аяқталу мерзімі 2023 жыл.

         2021 жылы халықты қатерлі ісіктерді ерте анықтау мен диагностикалауға скринингтік зерттеулермен қамту 96% құрады.    Стационарлық және амбулаториялық емдеу кезінде пациенттердің 100%  дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген.

 

Дене тәрбиесі мен спортты дамыту

Мемлекет саясатының стратегиялық бағыттарының бірі спорт мекемелері желісін кеңейту және халық арасында дене шынықтыруды дамыту болып табылады.

2021 жылы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықты қамту 165,7 мыңнан астам адамды немесе 32,9% құрайды.

24 мыңға жуық адамды қамти отырып, 170-тен астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оның ішінде қала тұрғындары арасында спорттың 40 түрі бойынша турнирлер, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі, сотталған адамдар арасында спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Дене шынықтыру және бұқаралық спортты, сондай-ақ жоғары жетістіктер спортын дамыту үшін Қарағанды қаласында дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы 944 объект бар, оның 239 жеке меншікте.

 

 

Қала халқының спорт ғимараттарымен қамтамасыз етілуі 2021 жылдың қорытындысы бойынша 72,5% (2020 жылы – 67,5%) құрады. Бұл көрсеткіш Құрылысшылар даңғылында - 2808 ш.м. Қ. Байшолақов атындағы спорт кешенін, Пришахтинскідегі 22 ықшамауданында Атлант спорттық – сауықтыру кешенін пайдалануға беру арқылы қамтамасыз етілген. Жалпы пайдаланудағы спорт залдарына қажеттілік (білім беру ұйымдарының залдарынсыз) қала халқының санына шаққанда 40046,4 ш.м., нақты – 50271 ш.м.– қамтамасыз етілу 125,5% құрады. Бассейндердің «су айнасы» алаңдарына қажеттілік – 12515 ш.м., нақты – 2523 ш.м. Қамтамасыз етілу – 20,2% құрады.

«Су айнасы» алаңын арттыру мақсатында Триатлон саябағы ауданында 500 орынға арналған жүзу бассейнін салу бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жүргізілуде.

Тұрғындардың оның ішінде жастар арасында дене тәрбиесін дамыту мақсатында аула аумақтарын абаттандырып әрі футбол алаңдарын және спорт құрылғыларын орнату жөніндегі жұмыстар жыл сайын жүргізіледі.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, мәдениет пен өнерді дамыту

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қалада түрлі әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар мен жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2021 жылы 74 жоба іске асырылды, оның ішінде 7 жобаны қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылды (32,7 млн.тг.), Демеушілік қаражат есебінен 4 жоба (502 млн. тг), қалған 63 жоба бойынша қаржыландыру талап етілмеді.

Сондай-ақ, «ХАРЕКЕТ» қайырымдылық қорымен 2021 жылдың басынан бері көп балалы аналарға 6 пәтер кілті берілді.

2021 жыл еліміз тарихындағы айтулы тарихи оқиға болып табылатын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы белгісімен өтті.

Мерейтой күнін мерекелеу аясында 10956 адамды қамтитын 150 іс-шара өткізілді, бұл жаңа объектілердің ашылуы, үйлердің құрылысын аяқтау, онлайн режимінде шығармашылық концерттер, фестивальдер, дөңгелек үстелдер, қайырымдылық акциялары, көрнекті адамдармен кездесулер және т.б. өткізу. 42 тақырыптық роликтер ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда Қарағанды қаласында саяси партиялардың 6 облыстық филиалы, 49 діни бірлестік, 750 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Саяси партиялардың әрбір филиалдарының қызметімен өзара іс-қимыл бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі.

2021 жылы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде азаматтық сектор жұмысының бағыттары бойынша, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарды қолдау бойынша 36 млн.теңгеден астам сомаға 9 жоба іске асырылды.

Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жалпы сомасы 57 млн.теңгеге 9 жобаны іске асыру жоспарлануда.

 

Мәдениет пен өнерді дамыту мақсатында өткен жылы 1264 офлайн және 5 723 онлайн іс-шара өткізілді. 137 659 мың адам қамтылып, 361 920 қаралым қамтылды.

         2021 жылы «Молодежный» мәдениет үйінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, орталық жылу жүйесіне, «Аққу», «Мұрат», «Восток» және «Астана» БЖК, №1 кітапхана-филиалын орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу арқылы жылу жүйесін толық реконструкциялау, Н.Әбдіров даңғылындағы «Сказка» балалар алаңына тартан жабынын төсеу жүргізілді.

         Бұдан басқа хайуанаттар бағының аумағы абаттандырылды, «Мәңгілік Алау» Әскери Даңқ сәулет-мемориалдық ансамбліне жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

         Ағымдағы жылы «Теміржолшылар» мәдениет сарайын, «Ақниет» және «Солнышко» БЖК жөндеу жұмыстары қарастырылған, сондай-ақ хайуанаттар бағының сыртқы келбетін жақсарту жұмыстары жалғастырылатын болады.

         Хайуанаттар бағының қоршауын күрделі жөндеу бойынша екі жылдық жоба қарастырылған.

         Бұдан басқа, ағымдағы жылы Орталық саябақты дамыту тұжырымдамасын іске асыру жалғасатын болады.

 

Жастармен жұмыс

         Қазіргі уақытта жастардың саны 150 мыңнан астам адамды немесе қала халқының жалпы санының 29,8%  құрайды.

         Басты міндет жастарды жұмысқа орналастыру кезінде қолдау көрсету болып табылады.

         Мәселен, 2021 жылы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде өткен жылы жұмыспен қамту органдарына 3 609 жас өтініш білдірді, 3 327 немесе жүгінгендердің 92,2% жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде жастар тәжірибесі бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен - 315 адам.

         «Nur Otan» «Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2021 жылдың маусым айынан бастап 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарды, оның ішінде NEET санатындағы жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үшін «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске асырылуда. 2021 жылы бюджеттен жалақыны субсидиялаумен 26 жұмыс орны құрылды. 12 ұйыммен шарт жасалды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды 94 жастар аяқтады, оның ішінде 78 адам жұмысқа орналастырылды.

2021 жылдың соңына есепте тұрған жұмыссыздар саны – 742 адамды, оның ішінде 285 жастар қатарын құрады.

Қалада бірқатар жастар бағдарламалары мен жобалары белсенді жүзеге асырылуда.

Мәселен, «Жасыл Ел» бағдарламасы шеңберінде жазғы кезеңге уақытша 320 адам жұмысқа орналастырылды.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 36 жастар оқытылды, олардың кейбірі 21 млн.теңге сомасына гранттар алды, 7 жас кәсіпкер 85,1 млн. теңге сомасына микрокредиттер алды.

Іске асырылып жатқан тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде 9 жетім бала тұрғын үй алды.

2022 жылы кәсіби және бәсекеге қабілетті жастарды қолдау және дамыту мақсатында «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша қатысу ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін және еңбекақы мөлшері 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

 

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қазіргі уақытта БП Жедел басқару орталығында 7426 бейнебақылау камерасынан, оның ішінде  ЖБО 312бақылау камерасынан, СИ-16  2 бейнебақылау камерасынан, «Перспектива» ҮЕҰ» ЖШС 5544 камерасынан сигнал шығарылады.

Қарағанды қаласы бойынша:

- 5544 бақылау камералары орнатылды (300 – жылжымалы күмбезді цифрлық камералар, 1600-цифрлық стационарлық камералар, сондай-ақ «Рубеж» АӨК 40 камералары);

- Қарағанды облысы білім басқармасының орта арнайы мекемелерінің 24 объектісінен 395 камера;

- Қарағанды қаласының 81 білім беру объектісінен 1944 камера;

- 52 мектепке дейінгі мекеме-балабақшалардан 1174 камера қиылыстарды, адамдар көп жиналатын орындарды, қоғамдық орындарды және т. б. қамтиды.

Бұдан басқа, «Қазақтелеком» АҚ Қарағанды қ. ПБ ЖБО серверлік үй-жайына дейін ТОБЖ 2 желісін -1568 камераны тартуды жүзеге асырды.

         Қарағанды қаласының аумағындағы криминогендік жағдайдың жай-күйі 2021 жылғы 12 айда қылмыстық құқық бұзушылықтарды жалпы тіркеудің 2,0%  (5871-ден 5755-ке дейін), оның ішінде ауыр түрлер бойынша 15,3% (1375-тен 1164-ке дейін) төмендеуімен сипатталады.

         Тіркелген барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым саны – 70,3% (5755) - онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстарды құрайды.

         Сонымен қатар, бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу өткен жылғы деңгейде қалып отыр: бопсалау (100% - ға), автомотокөлікті айдап әкету (100% - ға).

Тұрғындардың қауіпсіздігін жақсарту мақсатында ағымдағы жылы қаланың 20 шалғайдағы және кварталішілік көшелеріне сыртқы жарықтандыру желісін орнату жоспарлануда.

 

* * *

 

Өткен 2021 жылдың негізгі қорытындылары және ағымдағы 2022 жылға арналған жоспарлар осындай.

         Біздің міндетіміз - өзіміздің бәсекелестік артықшылығымызды пайдалана отырып, оны экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге айналдыру.

         Жоғарыда аталған жоспарлар мен жобалардан басқа, жыл ішінде жергілікті атқарушы органдар өзекті инфрақұрылымдық проблемаларды шешу және жаңа жобаларды іске асыру, жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу мәселелерін қосымша пысықтайтын болады. Бұл жобаларды қаржыландыру кезең-кезеңімен шешілетін болады.

         2022 жылы көптеген мерейтойлық және қоғамдық-саяси іс-шараларды олардың ішінде ең маңыздылары Қазыбек бидің 355 жылдығын, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығын, Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығын, Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығын, Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығын, Мәншүк Мәметова мен Роза Бағланованың 100 жылдығын, Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің құрылуының 30 жылдығын, сондай-ақ Балалар жылын атап өту қажет.

         Әлемдегі күрделі саяси және экономикалық жағдайды ескере отырып, алға қойылған міндеттерді орындау үшін бұдан да көп күш-жігер жұмсайтын боламыз.

         Тек өңір тұрғындарының ортақ күшімен ғана Қарағанды қаласының әрбір тұрғынының өмір сүру сапасы мен әл-ауқат деңгейін жақсартуға болады!

 

 

Дата публикации
03 марта 2022