«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, АҚ және ТЖ сұрақтарын үйлестіру бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

қала әкімінің

«____» _________ 2020 жылғы № ________

өкімімен Бекітілген

 

 

 

«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, АҚ және ТЖ сұрақтарын үйлестіру бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

          1) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, АҚ және ТЖ мәселелерін үйлестіру бөлімі (бұдан әрі-бөлім) Қарағанды қаласы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, АҚ және ТЖ мәселелерін үйлестіретін құрылымдық бөлімшесі болып табылады;

          2) Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, жергілікті мемлекеттік басқару, Мемлекеттік қызмет және еңбек қатынастары мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қарағанды қаласы әкімінің аппараты туралы ережені, қала әкімі аппаратының жұмыс Регламентін, Қарағанды қаласы әкімдігінің Регламентін, іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады;

          3) Бөлім өз қызметін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, АҚ және ТЖ мәселелерін үйлестіру мәселелері бойынша әкімнің орынбасарымен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады;

          4) Бөлім құрылымы, штат саны және бөлім туралы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қала әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.  

 

 

  1. Міндеттері

 

          1) Қаланы жылумен, электрмен, газбен, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерін талдау және үйлестіру;

          2) Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талдау және үйлестіру;

          3) Қаланың санитариясын және абаттандырылуын қамтамасыз ету бойынша мәселелерді талдау және үйлестіру;

          4) Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде азаматтық қорғау және аумақтық қорғаныс іс-шараларын орындау, әскери есепке алуды қамтамасыз ету және ұйымдастыру және азаматтарды әскери қызметке даярлау, оларды әскери қызметке, әскери жиындарға шақыру және жұмылдыру бойынша шақыру, Төтенше жағдайлар мәселелерін талдау және үйлестіру.     

 

  1. Функциялар

 

          1) қаланың жылу энергия көздерінің (ЖЭО–1 және ЖЭО–3) күнделікті жұмысының және отын қоры қалдықтарының бар-жоғын мониторингілеу;

          2) "Қарағанды Су" ЖШС, "Теплотранзит Караганда" ЖШС, "Қарағанды Жарық" ЖШС, "Әлем Газ" ЖШС және қаланың тіршілікті қамтамасыз ететін басқа да объектілердің күнделікті жұмысына мониторинг жүргізу;

          3) қаланы үздіксіз жылумен, электрмен, газбен, сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша ақпараттық-талдау жұмысы;

          4) жылу беру маусымына қаланың жылу энергия көздерін, электр, су құбыры және жылу желілерін дайындау бойынша іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізу;

5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы мониторинг;

          6) қала аумақтарын санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша коммуналдық кәсіпорындардың жұмысын үйлестіру;

          7) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша прокурорлық ден қою актілері (қадағалау органдарының актілері) бойынша материалдар дайындау;

          8) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот және құқық қорғау органдарының актілерін қарау;

          9) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарына материалдарды қалыптастыру;

10) азаматтық қорғау және аумақтық қорғаныс іс-шараларын, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы іс-шараларды, әскери есепке алу және азаматтарды әскери қызметке даярлау, оларды әскери қызметке шақыру, әскери жиындар және жұмылдыру бойынша шақыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және өткізуге қатысу;

          11) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне (жергілікті әскери басқару органдарына) олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына, сондай-ақ жұмылдыруды өрістету және қаланың (облыстың) Жұмылдыру жоспарының іс-шараларын орындау жөніндегі әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларды (жаттығуларды) ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу.

  1. Құқықтары

 

          1) барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан шағымдар мен өтініштерді қарау, жоғары тұрған органдардың шешімдері мен тапсырмаларын орындау үшін, сондай-ақ бөлімнің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды, лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;

          2)  әкімнің орынбасарына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, АҚ және ТЖ мәселелері бойынша жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс, бөлімнің құрылымы мен қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

          3)  бөлім қызметіне байланысты құжаттарға қол қою және бұрыштама қою;

          4) бөлімнің құзыретіндегі мәселелер бойынша бөлімдердің, басқармалардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың лауазымды тұлғаларына нұсқаулар мен ұсыныстар беру;         

          5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік және салалық бағдарламаларды қаржыландыру, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғау және аумақтық қорғаныс және ТЖ туындаған жағдайда жергілікті бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді.

 

 

  1. Бөлім басшылығы

 

          1) Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қарағанды қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

 

  1. Өзара алмасу:

 

  • Бөлімде функционалдық міндеттері ескеріле отырып, мынадай өзара алмасушылық белгіленеді:

 

Қаланы жылумен, электрмен, газбен, сумен жабдықтау және су бұру мәселелері жөніндегі бас маман

 

 

Энергия үнемдеу, қала аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау мәселелері бойынша бас маман

Энергия үнемдеу, қала аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау мәселелері бойынша бас маман

 

Қаланы жылумен, электрмен, газбен, сумен жабдықтау және су бұру мәселелері жөніндегі бас маман

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай мәселелері жөніндегі бас маман

Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, АҚ және ТЖ мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы

                            

          Мамандардың өзара алмасуы жекелеген жағдайларда қала әкімінің өкімімен белгіленуі мүмкін.

 

Қарағанды қаласы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, АҚ және ТЖ мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы

 

 

 

 

 

                                       Р. Тюлюбаев

 

 

 

 

 

Келісілді:

 

 

Қарағанды қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

 

В. Храпов

 

 

«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, АҚ және ТЖ сұрақтарын үйлестіру бөлімінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
16 июня 2021