Қарағанды қаласы әкімінің
2020 жылғы « » _______
№ _______
өкімімен бекітілді
«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
мемлекеттік-құқықтық бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
Қарағанды қаласының әкімдігіне жүктелген құзыреті шеңберінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
Функциялары:
1) қоғамдық қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде ісшаралар жоспарлау және өткізу;
2) қала аумағындағы әлеуметтік-экономикалық және өзге де процестерді мониторингілеу, бағалау және болжау, қоғамдық қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысты мәселелер бойынша өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
3) қала аумағындағы іске асырылатын қоғамдық қауіпсіздік және құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы бағдарламалық құжаттар әзірлеу, бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар дайындау;
4) ішік істер органдарымен, басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмыс жоспарының жобаларын, есептік ақпараттарды сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған басқа да құжаттарды әзірлеу;
5) қала әкімі және әкімдік жанынан құрылатын қоғамдық қауіпсіздік және құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы консультативтік-кеңестік органдардың қызметін қамтамасыз ету;
6) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, бұзушылықтың алдын алуға қатысатын азаматтарды тарту және есепке алу жөнінде қала әкіміне ұсыныстар енгізу;
7) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, бұзушылықтың алдын алу саласындағы қала әкімінің қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді іске асыру.
Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында және Қарағанды қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Функциялары:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған ісшараларды жоспарлау және өткізу;
2) Қарағанды қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін факторларды бағалау, болжау және мониторинг;
3) қала аумағында жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламалық құжаттар мен жоспарларды әзірлеу, бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған жобаларды, жұмыс жоспарларын сондай-ақ өзге де құжаттарды уәкілетті органдармен бірлесіп әзірлеу;
5) нормативтік құқықтық актілермен және осы комиссиялардың ережелерімен белгіленген құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың, басқа уәкілетті органдардың жанынан құрылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарға қатысу.
Қарағанды қаласы әкімінің және әкімдігінің қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) Бөлім қызметкерлері Қарағанды қаласының әкімі, әкімдігі және Қарағанды қаласы әкімі аппараты қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде Қарағанды қаласы әкімінің, әкімдігінің және Қарағанды қаласы әкімі аппаратының мүдделерін сотта сондай-ақ басқа да ұйымдарда ұсынады;
2) Қарағанды қаласының әкімімен және әкім аппаратымен жасалатын шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде экономикалық ықпал ету шараларын қолдану;
3) Қарағанды қаласы әкімінің, әкімдігінің және Қарағанды қаласы әкімі аппаратының атынан жасалған шарттар бойынша талап-арыз жұмыстарын іске асыру.
Мемлекеттік органдардың заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтау.
Функциялары:
1) Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына түскен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жүйеленген есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру;
2) Қарағанды қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалатын тәртіпте үйлестіру;
3) бақылау органдарының (прокуратура, құқық қорғау органдары және т.б.) әрекет ету актілерін талдау арқылы Қарағанды қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерде құқық қолдану тәрітібіне талдау және жинақтау жүргізу;
4) Қарағанды қаласы әкімінің және әкімдігінің нормашығармашылық қызметін талдау, сондай-ақ Қарағанды қаласы әкімі аппаратының басшысына оны жетілдіру және талдау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөнінде әкімге ұсыныс енгізу.
Қазақстан Республикасының заңнамаларын насихаттау және түсіндіру бойынша ісшаралар ұйымдастыру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру шеңберінде Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында құқықтық оқулар ұйымдастыру.
Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын насихаттау бойынша ісшаралар әзірлеу және ұйымдастыру, Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында құқықтық оқулар ұйымдастыру.
2) Қарағанды қаласы әкімінің және әкімдігінің атынан заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда Қарағанды қаласы әкімінің және әкімдігінің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау.
Қарағанды қаласының әкімімен, әкімдігімен және Қарағанды қаласы әкімінің аппаратымен әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және заңды сипаттағы басқа да құжаттарды әзірлеуге қатысу.
Функциялары:
1) Қарағанды қаласы әкімінің аппараты әзірлейтін оның ішінде оларды Қарағанды қаласы әкімдігінің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ басқа да заңды сипаттағы құжаттардың жобаларын дайындауға қатысу;
2) Қарағанды қаласы әкімінің және әкімдігінің әкім тапсырмалары бойынша құқықтық мәселелер туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және құжаттарды әзірлеу;
3) заң жобасы қызметінің мәселелері бойынша комиссия отырысына қатысу.
Сотта, сондай-ақ басқа да органдарда олардың қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде Қарағанды қаласы әкімінің, әкімдігінің, «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіру.
Функциялары:
1) сәйкес сот талқылауын туындатқан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қарағанды қаласы әкімінің, әкімдігінің, «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қатысуымен өтетін даулар бойынша сот тәжірибесі талап жұмысының жағдайын талдау және оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныс жасау;
2) барлық сот инстанцияларында Қарағанды қаласы әкімінің, әкімдігінің, «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің пайдасына қабылданбаған сот актілері бойынша шағымдануға қатысты шараларды уақытылы қабылдау, сонымен қатар заңнамада бекітілген тәртіпте қадағалау тәртібінде наразылық туралы қолдаухатпен прокуратура органдарына өтініш білдіру;
3) заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шара қабылдауды қамтамасыз ету.
1) Бөлім осы Ережемен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында аппараттың құрылымдық бөлімшелерінен, Қарағанды қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерден өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға құқылы;
2) Қарағанды қаласының әкімі немесе әкім аппараты басшысының келісімі бойынша әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық акт жобаларын және құқықтық мәселелер бойынша құжаттарын әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және мемлекеттік органда құқықтық жалпы оқу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін қатыстыру.
Қарағанды қаласы әкімі
аппаратының басшысы С. Асылбекова
Келісілді:
Қарағанды қаласы әкімі
аппаратының мемлекеттік-
құқтық бөлімінің басшысы В. Храпов