Қарағанды қаласы әкімдінің 2020 жылғы «___» _________ № _____ өкімімен бекітілді
«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-инспекторлық бөлімі туралы ереже
- Жалпы ережелер
- Ұйымдық-инспекторлық бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Казақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
- Негізгі міндеттер, функциялар
- Міндет: қала әкімінің және әкімдіктің қызметін ұйымдық қамтамасыз ету.
Функциялар:
1) Мемлекет басшысының, Үкімет мүшелерінің, республиканың басқа облыстарынан, жақын және алыс шетелдерден делегациялардың (қонақтардың) қалаға сапарларын дайындау және ұйымдастыру бойынша қала әкімі аппаратының жұмысын үйлестіру, болу бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
2) қала әкімдігінің отырыстарын ұйымдастырушылық дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
3) қала әкімінің қатысуымен өтетін мәжілістерді ұйымдастырушылық дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
4) қала әкімінің халықпен есептік кездесулерін ұйымдастырушылық дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
5) «Ашық есік күндерін» өткізуді қамтамасыз ету;
6) қала әкімінің қатысуымен өтетін қалалық салтанатты жиналыстарды және ісшараларды ұйымдастырушылық дайындауды қамтамасыз ету;
- Міндет: қалалық мәслихатының аппаратымен өзара іс-қимыл жасау.
Функциялар:
1) қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарына, қалалық мәслихат сессиясына қала әкімі аппаратының бөлімдерімен және қала әкіміне және қала әкімдігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелермен материалдарды дайындауға бақылауды қамтамасыз ету;
2) олардың шешімдерінің және қаулыларының орындалуын бақылауды іске асыру;
- Міндет: өз құзыреті шегінде Қарағанды қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізуді ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.
Функциялар:
1) сайлау комиссияларына өз құзыреті шегінде олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) сайлау учаскелерін құру туралы қала әкімі шешімінің жобасын дайындауды қамтамасыз ету;
3) сайлау учаскелерінің шекараларын нақтылау кезінде қала әкімінің шешіміне өзгерістер енгізу бойынша материалдар дайындауды қамтамасыз ету;
- Міндет: қала әкімінің, қала әкімдігінің, қала әкімі аппаратының жұмыс жоспарларын құруды және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету.
Функциялар:
1) Қала әкімі аппаратының бөлімдеріне, қала әкіміне және қала әкімдігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге жұмыстарының тоқсандық, айлық жинақ жоспарларын жасауды қамтамасыз ету;
2) қала әкімі аппаратының бөлімдерінде, аудан әкімдерінің аппараттарында және қала әкіміне және қала әкімдігіне ведомстволық бағанысты мемлекеттік мекемелерде жұмыс жоспарларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету.
- Міндет: мемлекеттік органның стратегиялық құжаттарының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді талдау. Сондай-ақ қаржылық және басқару ақпаратының сенімділігі мен дұрыстығын, мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін талдау, бағалау және тексеру.
Функциялар:
1) мемлекеттік органда қызметтің басты бағыттары бойынша тиімділікке және сәйкестікке аудит жүргізу;
2) қала әкімінің аппаратына қатысты мемлекеттік органның стратегиялық құжаттарының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді талдау.
3) ішкі аудит жүргізумен байланысты мәселелер бойынша қала әкімі аппараты бөлімдерінің лауазымды тұлғаларының тиісті ақпараттарын тыңдау;
4) мемлекеттік органның басшысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзушылықтардың жолын кесу, оларға жол бермеу, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік органның қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарымен ішкі аудит нәтижелері туралы есепті енгізу;
5) қала әкімінің немесе мемлекеттік органның алдында жыл сайын есеп беру.
- Негізгі құқықтар мен міндеттер
Бөлім өз функцияларын іске асыру үшін:
- Мемлекеттік органның бөлімдерінен, оның ведомстволық бағынысты мекемелері мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардан олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша қажетті ақпаратты (ведомстволық ақпараттық жүйелер деректерінің құрамы мен форматтары туралы мәліметтерді, құжаттаманы, ақпаратты, материалдарды (дәлелдемелерді), анықтамаларды, жазбаша түсініктемелерді және т.б.) сұратуға және белгіленген тәртіппен алуға.
- Сапасыз орындалған құжаттармен жұмыс жасау үшін құрылымдық бөлімшелердің орындаушыларына қайтаруға.
- Аудит жүргізу шеңберінде құпиялық тәртіпті, қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды сақтауды ескере отырып, аудит жүргізу аумағына және объектінің үй-жайына кедергісіз қолжетімділікті алуға.
- Органдардағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуына тексеріс жүргізуге.
- Қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің мамандарын тексерістерге қатысуға тартуға.
- Іс жүргізудің жай-күйін, құжаттардың орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды, мемлекеттік органның бөлімдерінде, оның ведомстволық бағынысты мекемелері мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда азаматтардың жазбаша, ауызша және ұжымдық өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз етуді тексеру және тексеру қорытындыларын тиісті шаралар қабылдау үшін басшылыққа жеткізуге.
- Жүргізілген тексерістердің қорытындылары және аналитикалық жұмыстардың нәтижелері бойынша мемлекеттік органның, оған ведомстволық бағынысты мекемелердің лауазымды тұлғаларына және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға нұсқаулықтар жолдауға.
- Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сондай-ақ Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды мемлекеттік органның басшылығына белгіленген тәртіпте қарастыруға енгізуге.
- Бөлім өкілеттігін, міндеттерді және функцияларды орындау үшін өзге де әрекеттерді іске асыруға құқылы.
Бөлім өз функцияларын іске асыру шеңберінде:
- Аудит объектілерінің лауазымды тұлғалары аудит жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбау және уақытылы ұсынбау фактілері бойынша актілер жасауға.
- Қызметтік және кәсіби әдеп талаптарын сақтауға міндетті.
- Қызметті ұйымдастыру
- Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
- Бөлімді Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшы басқарады.
- Бөлім басшысы бөлім қызметін жалпы басқаруды іске асырады және бөлімге жүктелген міндеттерді және олардың өз функцияларын орындауға дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы Қарағанды қаласы әкімі аппаратының басшысына Бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар енгізеді.
- Бөлім басшысы бөлім қызметін өз құзыреті шеңберінде үйлестіреді.
- Бөлім басшысы болмаған кезеңде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындалатын бас маман бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
- Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аппараттың басқа бөлімдеріне ұйымдық жұмыс бөлімінің атынан жолданатын құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Қарағанды қаласы әкімі
аппаратының басшысы С. Асылбекова
Келісілді:
Қарағанды қаласы әкімі
аппаратының
заң бөлімінің басшысы В. Храпов