Қарағанды қаласы әкімнің
2020 жылғы «___» ________
№ _____ өкімімен бекітілді
«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
қаржы және мемлекеттік сатып алу бөлімі туралы
Ереже
құқықтары мен міндеттері
Функциялар:
1) қала әкімі аппараты қызметкерлерінің жалақысын есептеу және төлеу, белгіленген мерзімде қаржылық және статистикалық есептілікті жасау және ұсыну;
2) бекітілген Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары негізінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын жасауды қамтамасыз ету;
3) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің ұсынылған қажеттілігі негізінде бюджеттік өтінімдерді жасауды қамтамасыз ету;
4) заңды және жеке тұлғалармен қаржыландыру жоспарларын орындау барысында туындайтын уақытылы есеп айырысуларды жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілікті (қаржылық, салықтық, статистикалық, мемлекеттік сатып алу бойынша) жасау және ұсыну болып табылады;
6) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыстық және қалалық әкімдіктердің актілерінің, басшылық тапсырмаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасауды қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру;
3) мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарына сәйкес Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
4) Қаржы және мемлекеттік сатып алуға қатысты мәліметтер мен ақпаратты жасау және ұсыну болып табылады;
5) Мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуын бақылау болып табылады.
Функциялар:
1) қаржыландыру жоспарларында көзделген бюджеттік сыныптаманың кодтары (бағдарламалар, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер) бойынша бюджеттік тағайындауларға сәйкес қаражат жұмсау (міндеттемелер мен төлемдер бойынша);
2) бөлінген және бекітілген қаржының мақсатты, үнемді және тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру;
3) ақшалай және материалдық құндылықтардың сақталуына, олардың орын ауыстыруына және сақтау мен пайдалану орындарында дұрыс пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз ету болып табылады;
4) ақша қаражатына, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысу, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс айқындау және оларды есепте көрсету болып табылады.
1) Бөлімнің құзыреті шегінде қаланың сыртқы ұйымдарымен байланысты жүзеге асыру;
2) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
3) бөлім жұмысын жетілдіру, бөлім қызметкерлеріне сыйақы беру және жаза қолдану бойынша ұсыныстар енгізу;
4) бөлімнің құзыреті шегінде құжаттарға қол қою және бұрыштама қою;
5) қала әкіміне және аппарат басшысына бөлімнің жұмысын жетілдіру жөнінде, сондай-ақ Бөлімнің жұмысына қатысты туындаған проблемалық мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге міндетті;
Қарағанды қаласы әкімі
аппаратының басшысы С. Асылбекова
Келілді:
Қарағанды қаласы
әкімінің аппараты
мепмлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы В.Храпов