
Ақпараттық хабарлама
13 қазанда сағат 18:00-де Қарағанды қалалық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша Қарағанды қаласының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста Мемлекет басшысының 2026 жылғы 12 қазандағы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы белгілеген барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ағымдағы жылдың 29 қарашасында өткізуге байланысты сайлау науқанын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Қарағанды қалалық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді. Сондай-ақ кандидаттарды ұсыну кезеңінде округтік сайлау комиссияларының жұмыс режимі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін болып белгіленді.
Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес, 14 қазаннан бастап Қарағанды қалалық мәслихаты депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарды ұсыну басталады.
Кандидаттарды ұсыну 27 қазан сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Кандидаттарды тіркеу 1 қараша сағат 18:00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт кезеңі 1 қараша сағат 18:00-ден кейін басталып, 28 қараша сағат 00:00-де аяқталады.
Қарағанды қаласында сайлауды дайындау және өткізу аясында құрамында 1 670 мүшесі бар 220 сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады.
Қарағанды қалалық мәслихатындағы депутаттық мандаттардың жалпы саны — 30. Осыған байланысты Қарағанды қаласының аумақтық сайлау комиссиясы қалалық мәслихат депутаттарын сайлау үшін 30 бірмандаттық аумақтық сайлау округін құрды.