«Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі» ММ туралы ЕРЕЖЕ

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

2026 жылғы «____» ______

№ ______қаулысына қосымша

       

«Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Мемлекеттік органның толық атауы – «Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. «Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қаланың коммуналдық мүлкін басқаруға және бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мемлекеттік органның қысқаша атауы – Бөлім.
  3. Бөлім өз қызметін Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130200, Жаңаөзен қаласы, Сатпаев көшесі, ғимарат 1.
  10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
  12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен  функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер бөлім заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) жергілікті бюджеттің тиімді, уақтылы және толық атқарылуын қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен пайдаланудың ашықтығын, тиімділігін және заңдылығын қамтамасыз ету;

3) бюджеттік есепке алу мен есептіліктің сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету;

4) қаланың коммуналдық мүлкін тиімді, ұтымды және мақсатты басқаруды қамтамасыз ету;

5) коммуналдық мүлікті пайдалану тиімділігін арттыру арқылы жергілікті бюджет кірістерін ұлғайту;

6) мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы мен қызмет тиімділігін арттыруға ықпал ету;

7) мемлекеттік қаржы және коммуналдық мүлікті басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.

  1. Өкілеттіктері:

         1) Құқықтары:

         - мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан бөлімге жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;

         - салық органдарынан жергілікті бюджетке салықтардың және басқа да міндетті түсімдер сомасы жөнінде, бюджетке төлемдер бойынша берешектер сомасы жөнінде есептер алуға, заңды тұлғалардын бухгалтерлік баланс және салық салу құрамы мен нысандары, қаржы шаруашылық қызметі туралы, материалдар, статистикалық және жергілікті бюджеттің орындалуын ұйымдастыру үшін қажетті өзге де материалдар алуға, сондай – ақ Бөлімге жүктелген және құзыретіне кіретін басқа міндеттерді атқару үшін қажетті статистикалық және басқа да мәліметтерін алуға;

         -   қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден белгіленген мерзімде қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы тоқсандық (жылдық) есептер алуға;

         -  қалалық бюджет есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттердің орындалу жөніндегі нормативтік – құқықтық актілер талаптарына сәйкес болуына бақылау жасауға;

         -  қалалық бюджет есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелердің, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының қаржылық есептілігіне бақылау жасауға;

         - Қалалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамаларының талаптарының бұзылу себептеріне баға, сондай – ақ бекітілген қалалық бюджет бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тиімділігі мен орындалғандығына баға беруге;

         -  қалалық бюджет есебінен қамтамасыз  етілетін мемлекеттік мекемелерден, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардан, осыны жүзеге асыруға өкілеттенген мемлекеттік органдардан бақылау өткізу жөніндегі актілерді сұратуға;

         -  Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша басқа да Бөлімге жүктелген құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

2) Міндеттері:

 - мемлекет мүддесінде коммуналдық мүлікті басқару;

- бюджеттік саясатты іске асыруға, бухгалтерлік есепті, мемлекеттік қаржының бухгалтерлік есебін орындау, жүргізу, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жасау;

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен бөлімге жүктелген өзге де міндеттер;

- Экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ететін өңірдің бәсекеге қабілетті мамандандырылуын қалыптастыру.

  1. 15. Функциялары:
  • өз құзыреті шегінде қалалық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
  • егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қалалық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындайды;
  • егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қалалық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;
  • қалалық коммуналдық мүлікті қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
  • қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
  • егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қалалық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы келісім береді;
  • коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен қалалық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды бағдарлама әкімшісімен бірге ұйымдастырады;
  • сенімгерлікпен басқарушының қалалық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
  • қалалық коммуналдық мүлікті, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

        

  1. Мемлекеттік органның, бірінші басшының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Қала әкімі өкімімен бөлімнің бірінші басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  2. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын қызметкерлері болады.
  3. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) заңнамамен белгіленген тәртіпте, бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді, көтермелеу мен материалдық көмек мәселелерін шешеді;

3) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;

4) бөлімнің штат кестесі мен құрылымын бекітеді;

5) қолданыстағы заңнамаға  сәйкес бөлімге уәкілдік етеді;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
  2. Бөлім аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлімге өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі» ММ туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
20 апреля 2026