«Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Атамұра" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс

«Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Атамұра" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс

 

 "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығы және Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына сәйкес «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Атамұра" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

 

І. Конкурс өткізілетін күні мен орны:

Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он (10) күн ішінде Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, «Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі,  Теңге ауылы әкімінің ғимараты.

 

ІІ. Орналасқан орнын, эл.пошта,  телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, Ақтан Керейұлы, 32 ғимараты, эл.пошта: akimat.tenge@mail.ru тел: 8/72934/ 49-301 «Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

 

III. Лауазымдық міндеттері:

  1. Ойын-сауық және театрлық ойын-сауық ұйымының (бұдан әрі – Ұйым) шығармашылық, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық етеді;
  2. Мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
  3. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  4. Ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын белгілейді;
  5. Қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді, күнтізбелік және ұзақмерзімді репертуарлық жоспарларды әзірлеуді, репертуарды жалға беруді (прокат), жаңа және қайта қойылатын қойылымдарды (спектакльдер, концерттер, цирк көрсетілімдерін) шығаруды ұйымдастырады;
  6. Қойылымдық топтар мен орындаушылардың құрамын, безендіру эскиздерін және макеттерін, жаңа және қайта қойылатын қойылымдардың (спектакльдер, концерттер, цирк көрсетілімдерін) жұмыс жоспарлары мен кестелерін бекітеді;
  7. Ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз ету және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
  8. Директор орынбасарларына, шығармашылық, өндірістік бөлімшелердің басшыларына және Ұйымның лауазымдық тұлғаларына жұмыстың жеке бағыттарын бөледі;
  9. Шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді;
  10. Ұйым қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасады және бұзады;
  11. Бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Ұйымның мүддесіне өкілдік етеді;
  12. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
  13. Біліктілік талаптар:

Білімі:

Кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

Жұмыс өтілі:

Мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес.

 

  1. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Бюджет кодексін, ҚР Еңбек кодексін, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және мекеменің қызметіндегі қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

VІ. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

 

VIІ. Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды :

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

 

VIII. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі :

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, Ақтан Керейұлы, 32 ғимарат, байланыс телефоны: 8(72934) 49-301, электронды мекен-жайы: akimat.tenge@mail.ru «Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  мекен-жайында құжаттарын қабылданады.

 

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалатын конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн:Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он (10) күн ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жайда құжаттар қабылданады.

 

«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

«Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Атамұра" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс
Дата публикации
08 апреля 2026