Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы Теңге, Рахат ауылдарының әкімдерін сайлау кезінде аумақтық сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Жаңаөзен қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Теңге, Рахат ауылдарының әкімдерін сайлау кезінде Теңге, Рахат ауылдарының аумағында аумақтық сайлау округтері құрылсын.
2. Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері, құрамдары көрсетіле отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Жаңаөзен қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға С. Мухаммедов
Хатшы Т. Тажибаева