Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Теңге, Рахат ауылдары әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14, 113-1 - баптарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Теңге, Рахат ауылдары әкімдерінің сайлауы 2026 жылдың 17 мамырына тағайындалсын.
2. 2026 жылдың 17 мамырына тағайындалған Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Теңге, Рахат ауылдары әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Жаңаөзен қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға С. Мухаммедов
Хатшы Т. Тажибаева