Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде инватакси қызметтерін көрсету
Сатылып алынатын көрсетілетін қызметтің техникалық ерекшеліктері Инватакси қызметтерін көрсету Конкурсқа қатысу үшін үкіметтік емес ұйым тарапынан төмендегілер қамтылған жоба ұсынылу керек:
1. Жобаның атауы. Инватакси қызметтерін көрсету
2. Жобаны жүзеге асырудағы негізгі міндеттер: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген Мүгедектерді автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес инватакси қызметін көрсету (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 8950) (бұдан әрі – Қағида) және тапсырыс беруші бекіткен кестеге сәйкес.
3. Жобаның мақсаты: – Қағиданың 28-тармағына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметін көрсету.
4. Инватакси қызметін көрсету үшін белгіленген пункіттердің тізбесі:
1) мүгедектігі бар адамдардың жұмыс орны; 2)мүгедектігі бар адамдардың оқу орны; 3) жергілікті өкілетті және атқарушы органдар; 4) сот, прокуратура; 5) әлеуметтік инфрақұрылым объектілері; 6) заң консультациясы; 7) нотариус; 8) медициналық мекемелер (жедел медициналық жәрдем беру көмегін қоспағанда); 9) әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, теңіз және өзен порттары; 10) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар. 11) мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктері үшін массаж қызметтерін көрсетілетін ұйымдар.
4.1. Тасымалдау маршруттық параққа сәйкес жүзеге асырылады.
4.2. Қызметтер демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы көрсетіледі.