Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубын құру туралы

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының қаулысы №28,  06 тамыз 2025 жыл.

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына сәйкес, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының жанынан Жас сайлаушылар клубы құрылсын (қосымша №1).

2. Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубы туралы ереже осы қаулының №2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған мерзімнен бастап қолданысқа енгізіледі.

     

Комиссия төрағасы С. Мухаммедов

 

Комиссия хатшысы Т. Тажибаева

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубын құру туралы
Дата публикации
14 января 2026