Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзенэнергосервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына тиесілі жоғары кернеулі әуе толқынды тоқ желісі Сатыбаев Бакыт Тлегеновичтің кадастрлық нөмірі: 13-201-006-2677, жалпы көлемі 0,06 гектар, Жаңаөзен қаласы,
№2 өндірістік аймақ, №33Б жер учаскесінің үстінен өтуіне байланысты жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.
2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап 3 (үш) ай мерзім болып белгіленсін.
3. Жаңаөзен қаласының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай