Ж О Б А
Жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жаңаөзен қалалық жер комиссиясының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі (№03-06/15 хаттамасы) қорытындысы, Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 13.11.2025 жылғы №KZ79VBG01678754 бұйрығы және «KMG Barlau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші негізінде, Қызылсай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылынан №NO-4 ұңғымасына апаратын автокөлік (далалық) жолын пайдалану үшін жалпы көлемі 0,1725 гектар жер учаскесі «KMG Barlau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (БСН: 081040003774) жер пайдаланушылардан алып қоймай 1 (бір) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. Шектеулер мен ауыртпалықтар: жер учаскесі арқылы инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жөндеу мақсатында пайдалану және жер учаскесі арқылы немесе көлікпен өтуге еркін мүмкіндік берілсін.
3. «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бас маман С. Аяшева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді ресми жариялауға, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің интернет ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалысын бақылау Қызылсай ауылы әкімінің орынбасары Б. Кударкуловқа жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылсай ауылының әкімі Қ. Аманжанов