«БЖЗҚ» АҚ Құрық кентіндегі қашықтағы жұмыс орнын жабу туралы
Құрметті «БЖЗҚ» АҚ салымшылары!
Бизнес-үрдістерді оңтайландыру, электрондық (цифрлық) қызметтерді автоматтандыру нәтижесінде, сондай-ақ салымшылар мен алушылардың ұлттық пошталық оператордың («Қазпошта» АҚ) бөлімшелерінде Қор қызметтерін алу мүмкіндігінің іске асырылатынын ескере отырып, 2020 жылдың 1 желтоқсаннан бастап Қарақия ауданы, Құрық кенті, 1 ш/а., 304 ғимарат мекенжайындағы «БЖЗҚ» АҚ қашықтағы жұмыс орны жабылады.
Қажет болған жағдайда келесі мекенжайлар бойынша «БЖЗҚ» АҚ-ның жақын жердегі қызмет көрсету кеңселеріне жүгіне аласыз:
|
1 |
Ақтау қалалық Операциялық бөлім |
Ақтау қалалық бөлімше, 26 ш/а, 16 ғимарат |
8(7292)41-81-77 8(7292)70-95-59 |
|
2 |
Маңғыстау ауылы ҚКО |
Маңғыстау ауылы, 14 квар., 24 ғимарат. |
8(7292)46-58-08 |
|
3 |
Жаңаөзен қаласы ҚКО |
Жаңаөзен қ., Самал ш/а., 24 уй, 12 кеңсе |
8(72934)555-02 8(72934)555-03 |
Қызмет көрсету кеңселерінің жұмыс режимі: жұмыс күндері 9:00-дан 18:00-ге дейін, үзіліссіз, демалыс күндері сенбі және жексенбі.
Сондай-ақ онлайн режимде enpf.kz сайты немесе мобильді қосымша арқылы келесі қызмет түрлерін алуға болатынын естеріңізге саламыз:
Толық ақпаратты Байланыс орталығының 1418 телефоны (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) арқылы алуға болады.